Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мен, Құдияров Сүндет Турсынбекұлы, 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келдім.
1976 жылы Жангелдин атындағы №12 орта мектептің 1- сыныбына қабылданып, 1986 жылы бітіріп шықтым.
1986- 1988 жылдар аралығында Мақтаарал ауданында ауыл шарауашылық жұмыстарына араластым.
1988- 1990 жылдар аралығында әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышымды өтеп қайттым.
1990 жылы Атакент кентіне қарасты Автобазада слесарь, жүргізуші болып жұмыс жасадым.
1991 жылы Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық институтқа «қазақ тілі мен әдебиеті» факультетіне түсіп, 1995 жылы бітіріп шықтым.
1995 жылы Ә Жангелдин атындағы №12 орта мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім болып орналастым. 2003 жылдан бері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып та жұмыс атқарып келемін.