Кітапхана - Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/ ru Кітапхана - Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ DataLife Engine Кітапхана құжаттары http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/194-ktaphana-zhattary.html http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/194-ktaphana-zhattary.html
  • 2020-2021 оқу жылының жылдық жоспары
  • 2020-2021 оқу жылының айлық жоспары.
  • 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспары
  • 2021-2022 оқу жылының айлық жоспары
  • 2022-2023 оқу жылының жылдық жоспары
  • 2022-2023 оқу жылының айлық жоспары
  • Кітапхана қосымша 12
  • Кітапхана іс-шаралар


  • ]]>
    admin Thu, 26 Oct 2023 16:20:37 +0600
    Ата-аналарға кеңестер http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/42-ata-analara-keester.html http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/42-ata-analara-keester.html Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті  кеңестер]]>

     

    Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес

    1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

    2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

    3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

    4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

    5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

    6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

    7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.

    8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

    9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.

    10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

    11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.

    12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.

    13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

    14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.


    Баланы қалай тәрбиелеу керек? Ата- аналарға кеңестер

     Бала – олөте нәзік те сезімтал адам. Оныңжанын жаралап алуөте оңай, алайда осы бір жараөмір бойы сыздап жүруіғажап емес. Бала кезінде шешілмейқалған мәселелердіңсалдары ер жеткен кезде кейбір психикалықауытқуларға негіз болатынынұмытпаңыз

    Көптеген ата-аналарды: бір мезгілдеқатал да мейірімді бола білу,өз баласыныңалдындағы ата-аналықбиігінен түспей тұрып, оғанқалайда еңжақын дос бола білу жайы көп ойлантады. Төмендегіөте маңызды ақыл-кеңестер, бала тәрбиесі барысында сізге көп көмекберері сөзсіз:

    Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз.Өз балаңызбен тығызқарым-қатынас орнатуға текқана Сіздіңкөтеріңкі көңіл күйіңіз, оңкөзқарасыңызғана әсер етеді.

    Тәрбие сатылы деңгейде жүргізілгені дұрыс.Әрбиіккеөз уақытында, біртіндеп көтеріліп отырған дұрыс.

    Бала – біздіңайнамыз. Олар еңалдымен ата-анасынанүлгі алатынын және көп жағдайда бізөмірдеқандайқадамдар жасасақ, олар да сондайқадамға баратыны есте жүрсін.

    Балаңызбенәңгімелесу нәтижелі болуыүшін, еңалдымен ашықжарқын сенімгеқұрылған риясызәдісті таңдаңыз. Сіздіңсөздеріңізқатал естілуі мүмкін, бірақешқашан да ауырәріөрескел болмауы керек. Ақырынәрі сенімді айтылғанәңгімеғана ата-ананыңталаптары мен ойларын балаға жеткізе алады.

    Балаңызүшін керек уақыттақажетті ақылқосатын, оныңқадамдарын айыптамайтын еңжақын досына айналыңыз.

    Өзін және онықоршаған адамдарды жақсы көругеүйретіңіз. Бұл оныөзінеөте сенімді адам ретіндеқалыптастырып,қоршаған ортамен байланысын жолғақоюғакөмек береді.

    Бір мезеттеқатал да мейірімді бола біліңіз. Егер сіз балаңызға деген ыстықықыласыңыздыүнемі білдіре отырып, тек керек уақытындағанаұрсатын болсаңыз, онда бұл сіздіңтәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.

    Оғанөмірдегіөзұстанымына тұрақты болудыүйретіңіз.

    Баланыәр кезде оныңкөзінеқарап тұрып, мұқият тыңдаңыз,өйткені тек сол сәттеғана оныңішкі жан дүниесі мен алаңдатқан мәселеге сіздіңбей-жайқарамайтыныңызға сенімі болады.

    Өзіңіздіңбос уақытыңыздыүнемі балаңызбенөткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланыңөзіндік орнын сезініпөсуге мүмкіндік береді.

    Жанжалдасқан күйі екі жаққа бөлініп жүре беруге болмайтынынұмытпаңыз, еңалдымен балаңызбен татуласып алыңыз, содан кейінғанаөз жұмыстарыңызбен жүре берсеңіз болады.

    Әр уақытта оғанқажет болғандаүйде болғанықандай жақсы екенін жадына салып, мақтап отырыңыз, себебі олөзініңқажеттігін түсініп,үнеміүйге асығатын болады.

    Өзініңжақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артықемес екенін естеншығармай, айтып отырған жөн, себебі оныңтым тәкәппар және екіжүзді болыпөспегені жақсы.

    Оныңтаңдауы мен пікірінеқұлақтүріңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны ешуақытта сынамаңыз.

    Оныөзқадамдарыүшін жауап беругеүйретіңіз. Оныңөзінемес,әруақытта жақсықадамын бағалап, егер ол дұрыс емес жасаған болса,қателігін көрсетіңіз, оныңорнындаөзіңіз болғанда былай істер едім деп, таңдау және шешімқабылдауқұқығын оныңөзінеқалдырыңыз.

    Ешуақытта оныңосыған дейін жасағанқателіктерін еске алмаңыз. Болған нәрсеніңбарлығынөткен күнгеқалдырыңыз.

     

    ]]>
    admin Thu, 03 Nov 2016 14:33:45 +0600
    Ата - аналарға пайдалы сайттар! http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/64-ata-analara-paydaly-sayttar.html http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/64-ata-analara-paydaly-sayttar.html                                                                   Ата - аналар, сіздер үшін пайдалы сайттар! ]]>

     Ата - аналар, сіздер үшін пайдалы сайттар!

    ]]>
    admin Mon, 24 Oct 2016 08:44:55 +0600
    Ата-аналараға міндеттеме http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/25-ata-analaraa-mndetteme.html http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/25-ata-analaraa-mndetteme.html Мектеп тарапынан ата-аналарға
    МІНДЕТТЕМЕ
    ]]>
    МІНДЕТТЕМЕ

    Келісемін

    _________________________ мектебіне бекітілген мектеп полиция инспекторы _________________________

    ______________(қолы)

    «_____» __________ 2016

    Бекітемін

    _________________________ мектебінің директоры _________________________ ______________(қолы)

    «____» _________ 2016 ж.

    МІНДЕТТЕМЕ

    ___________________________________________________ ата анасы,

    ___________________________________________________________

    (фамилиясы, аты, тегі)

    2015-2016 оқу жылының барысында «____» сыныбында оқитын перзентім ______________________________ өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, оның ой өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптастыруын қамтамасыз етуді, білімі мен тәрбие сапасын жақсартуды қолға алып, баламның сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілігіме аламын.

    Қолданыстағы заңнамалардың:

    - Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27-бабы 2-тармақшасындағы «Баланы тәрбиелеуші ата-ана немесе басқа адамдар өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың даму үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алады»;

    - Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабы 2-тармақшасындағы «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті»;

    - Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 140-бабындағы:

    «1) Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердіата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасауына әкеп соққан, дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиiсінше орындамауы – екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

    «2) Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердiата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады»,

    - Қазақстан Республикасы баланың құқықтары туралы Заңының 24-бабының 2-тармақшасындағы «Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтіп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті», 37-бабының 2-тармақшасындағы "Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынады»;

    - Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 49-бабының 3-тармақшасындағы «Ата-ана балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге», 4-тармақшасындағы «Балалардың оқу орындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті», 47-бабының 15-1 тармақшасындағы «Білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті» - делініп, ата-анаға қойылған талаптарымен таныстым.

    Осы заңнамалардың тармақшаларын негізге ала отырып МЕН мектептен тыс уақытта баламның бос уақытын дұрыс ұйымдастырамын.

    Күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстырамын, сондай-ақ кешкі уақытта көшеге, мейрамханаға т.б. жерлерге жібермеймін.

    Сабақ уақытында ұялы сымтетік ұстатпаймын, киім үлгісін мектеп ережесіне сай кигіземін.

    Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс күндерінде, мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсіздігінің жауапкершілігін, тәртібін күнделікті қадағалауды өз қарауыма алып, балама (қызыма) толық өзім жауап беремін деп міндеттеме қабылдаймын.

    Баламның (қызымның) мектептен тыс мезгілде бейәдеп, теріс қылықтарына, өмірінің қауіпсіздігіне ЖЕКЕ ЖАУАПТЫ ЕКЕНІМДІ СЕЗІНЕМІН.

    Осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда ата-аналық жауапкершілігімнің қаралуына қарсы емеспін және өзімнің ата-аналық міндетіме лайық еместігімді сезінемін.

    «__»_______2016ж ________________ ____________________

    (күні, айы, жылы) (қолы) (ата-ананыңаты-жөні)

    Келісемін

    _________________________ мектебіне бекітілген мектеп полиция инспекторы _________________________

    ______________(қолы)

    «_____» __________ 2016

    Бекітемін

    _________________________ мектебінің директоры _________________________ ______________(қолы)

    «____» _________ 2016 ж.

    МІНДЕТТЕМЕ

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен келісілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 21 маусымдағы №372 бұйрығына сай 2015-2016 оқу жылының барысында өзіме бекітілген мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алуды жеке жауапкершілігіме аламын:

    1. Оқушылар арасындағы қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың және қараусыз қалудың алдын алу жолын кесу, құқық бұзушы жасөспірімдерді, сондай-ақ құқыққа қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандар тобын анықтау;

    2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға қарсы іс-әрекет жасауға тартатын ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды, сондай-ақ басқа ересек адамдарды анықтау;

    3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаларды тәрбиелеу, ұстау және оқыту үшін ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың жауапкерші-лігін арттыру;

    4. Міндетті орта білім алудан қасақана бас тартатын оқушыларды оқу орындарына қайтару бойынша іс-шаралар өткізуде білім беру ұйымдарының әкімшілігіне көмек көрсету;

    5. Кәмелетке толмағандардың құқықтарына, мүдделеріне және бостандықтарына қол сұғатын адамдарды анықтау;

    6. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, панасыз және қараусыз қалудың алдын алу мәселелеріне халыққа, ата-аналарға және оқушыларға құқықтық көмек көрсету, кәмелетке толмағандардың заңды тыңдау мінез құлқын қалыптастыру;

    7. Қиын өмірлік жағдайда қалған кәмелетке толмағандарға әлеуметтік оңалтуға көмек көрсету;

    8. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу жөніндегі өзге де ішкі істер бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау.

    Осы аталған жұмыстар орындалмаған жағдайда жауапкершілігімнің қаралуына қарсы емеспін және өзімнің атқарып жатқан лауазымдық қызметіме лайық еместігімді сезінемін.

    _________________________________ жалпы орта мектебіне бекітілген мектеп полиция инспекторы

    ____________________________________(фамилиясы, аты, тегі)

    ______________(қолы)


    ]]>
    admin Sat, 10 Sep 2016 05:11:37 +0600
    Бала тәрбиесіндегі ата ана рөлі http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/65-bala-trbiesndeg-ata-ana-rl.html http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/roditelyam/65-bala-trbiesndeg-ata-ana-rl.html Құрметті ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ата ана рөлі!

     


    ]]>
      

    Бала тәрбиесіндегі ата ана рөлі

    Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала ұлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс - әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады А.С. Макаренко – Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.

          Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.

          Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сабақтарының жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Бала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді.               Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала мектепте 6,7 сағат болса,18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.

       Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

         Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:

    1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

    2.  Білім алуына көмектесуге міндетті;

    3.  Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;

    4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;

    5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

    6.  «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

     

    Ата – ананың жауапкершілігі:

    1.   Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

    2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

    3.    Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

    4.   Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;

    5.  Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;

    6.  Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

     

     

    Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.

    ]]>
    admin Tue, 24 May 2016 08:53:04 +0600