21
наурыз
2023
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, Қазақ Елі!
Мақтарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қ Үкібаев атынлағы №37 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ұлтымыздың болмысын айшықтайтын қасиетті — Наурыз мерекесі өткізілді. Мерекелік іс— шараға Еңбек ардагерлері, батагөй ауыл ақсақалдары, зейнеткер ұстаздар, "Қамқоршылық' кеңес мүшелері шақырылды. Мектеп директоры Заман Балгабеков Ұлыстың ұлы күнімен баршаны құттықтады! Мектеп көркемөнерпаздары сахналық қойылымдар көрсетіп, би билеп, ән айтты. Ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, Қазақ Елі!