Ата-аналараға міндеттеме » Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 678-66-94
Есепші бөлімі:
+7(778) 388-25-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналараға міндеттеме
10
қыркүйек
2016

Ата-аналараға міндеттеме

МІНДЕТТЕМЕ

Келісемін

_________________________ мектебіне бекітілген мектеп полиция инспекторы _________________________

______________(қолы)

«_____» __________ 2016

Бекітемін

_________________________ мектебінің директоры _________________________ ______________(қолы)

«____» _________ 2016 ж.

МІНДЕТТЕМЕ

___________________________________________________ ата анасы,

___________________________________________________________

(фамилиясы, аты, тегі)

2015-2016 оқу жылының барысында «____» сыныбында оқитын перзентім ______________________________ өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, оның ой өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптастыруын қамтамасыз етуді, білімі мен тәрбие сапасын жақсартуды қолға алып, баламның сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілігіме аламын.

Қолданыстағы заңнамалардың:

- Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27-бабы 2-тармақшасындағы «Баланы тәрбиелеуші ата-ана немесе басқа адамдар өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың даму үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алады»;

- Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабы 2-тармақшасындағы «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті»;

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 140-бабындағы:

«1) Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердіата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасауына әкеп соққан, дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиiсінше орындамауы – екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

«2) Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердiата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады»,

- Қазақстан Республикасы баланың құқықтары туралы Заңының 24-бабының 2-тармақшасындағы «Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтіп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті», 37-бабының 2-тармақшасындағы "Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынады»;

- Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 49-бабының 3-тармақшасындағы «Ата-ана балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге», 4-тармақшасындағы «Балалардың оқу орындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті», 47-бабының 15-1 тармақшасындағы «Білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті» - делініп, ата-анаға қойылған талаптарымен таныстым.

Осы заңнамалардың тармақшаларын негізге ала отырып МЕН мектептен тыс уақытта баламның бос уақытын дұрыс ұйымдастырамын.

Күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстырамын, сондай-ақ кешкі уақытта көшеге, мейрамханаға т.б. жерлерге жібермеймін.

Сабақ уақытында ұялы сымтетік ұстатпаймын, киім үлгісін мектеп ережесіне сай кигіземін.

Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс күндерінде, мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсіздігінің жауапкершілігін, тәртібін күнделікті қадағалауды өз қарауыма алып, балама (қызыма) толық өзім жауап беремін деп міндеттеме қабылдаймын.

Баламның (қызымның) мектептен тыс мезгілде бейәдеп, теріс қылықтарына, өмірінің қауіпсіздігіне ЖЕКЕ ЖАУАПТЫ ЕКЕНІМДІ СЕЗІНЕМІН.

Осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда ата-аналық жауапкершілігімнің қаралуына қарсы емеспін және өзімнің ата-аналық міндетіме лайық еместігімді сезінемін.

«__»_______2016ж ________________ ____________________

(күні, айы, жылы) (қолы) (ата-ананыңаты-жөні)

Келісемін

_________________________ мектебіне бекітілген мектеп полиция инспекторы _________________________

______________(қолы)

«_____» __________ 2016

Бекітемін

_________________________ мектебінің директоры _________________________ ______________(қолы)

«____» _________ 2016 ж.

МІНДЕТТЕМЕ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен келісілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 21 маусымдағы №372 бұйрығына сай 2015-2016 оқу жылының барысында өзіме бекітілген мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алуды жеке жауапкершілігіме аламын:

1. Оқушылар арасындағы қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың және қараусыз қалудың алдын алу жолын кесу, құқық бұзушы жасөспірімдерді, сондай-ақ құқыққа қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандар тобын анықтау;

2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға қарсы іс-әрекет жасауға тартатын ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды, сондай-ақ басқа ересек адамдарды анықтау;

3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаларды тәрбиелеу, ұстау және оқыту үшін ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың жауапкерші-лігін арттыру;

4. Міндетті орта білім алудан қасақана бас тартатын оқушыларды оқу орындарына қайтару бойынша іс-шаралар өткізуде білім беру ұйымдарының әкімшілігіне көмек көрсету;

5. Кәмелетке толмағандардың құқықтарына, мүдделеріне және бостандықтарына қол сұғатын адамдарды анықтау;

6. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, панасыз және қараусыз қалудың алдын алу мәселелеріне халыққа, ата-аналарға және оқушыларға құқықтық көмек көрсету, кәмелетке толмағандардың заңды тыңдау мінез құлқын қалыптастыру;

7. Қиын өмірлік жағдайда қалған кәмелетке толмағандарға әлеуметтік оңалтуға көмек көрсету;

8. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу жөніндегі өзге де ішкі істер бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау.

Осы аталған жұмыстар орындалмаған жағдайда жауапкершілігімнің қаралуына қарсы емеспін және өзімнің атқарып жатқан лауазымдық қызметіме лайық еместігімді сезінемін.

_________________________________ жалпы орта мектебіне бекітілген мектеп полиция инспекторы

____________________________________(фамилиясы, аты, тегі)

______________(қолы)


Похожие публикации:

02 қыркүйек 2016 КЕЛІСІМ ШАРТ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив