30
қазан
2023
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Кокишева Алма Шайдилдаевна
Мен, Кокишева Алма Шайдилдаевна 1967жылы 13 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы (қазіргі Түркістан облысы Мақтарал ауданы) Октябр ауылында дүнеге келдім. 1974 жылы Свердлов мектебінің бірінші сыныпына оқуға барып, 1984 жылы аталған мектепті бітірдім.
1986-1990 жылдары Алматы қаласы Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық университетінің физика –математика факультетінде оқыдым және 1990 жылы физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.
1990 жылы туған жерге келіп Жангельдин (қазіргі Қ.Үкібаев ЖОМ) физика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым және аталған мектепте физика пәнінен сабақ беремін.
2012 жылы қазан айынан бері аталған мектепте оқу ісі орынбасары қызметін атқарамын.
Осы жылдар аралығында бірнеше облыстық, аудандық мақтау, алғыс қағаздарымен марапаталдым.