Медициналық қызмет - Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/ ru Медициналық қызмет - Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ DataLife Engine Медициналық қызметкерлердің құжаттары. http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/197-medicinaly-yzmetkerlerd-zhattary.html http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/197-medicinaly-yzmetkerlerd-zhattary.html
  • 2020-2021 оқу жылындағы құжаттары
  • 2021-2022 оқу жылындағы құжаттары
  • 2022-2023 оқу жылындағы құжаттары
  • ]]>
    admin Sat, 28 Oct 2023 17:00:51 +0600
    Қазақ хандығының қалыптасуы http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/95-aza-handyyny-alyptasuy.html http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/95-aza-handyyny-alyptasuy.html "Қазақ хандығының қалыптасуы"]]> Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының қалыптасуы

    Сабақтың мақсаты:

    а) Білімділік: Оқушыларға ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы қазақтың материалдық және рухани

    мәдениетінің дамуы туралы түсінік беру.

    ә) Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы – мәдениет ескерткіштерін

    қадірлеп, қастерлеуге, мәдениеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

    б) Дамытушылық: Рухани және материалдық мәдениеттің даму барысын бүгінгі мәдени

    жетістіктермен ұштастыра отырып өз бетінше қорытынды жасауға

    дағдыландыру.

    Сабықтың түрі: Аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, топпен жұмыс, дискуссиялық өрнек

    Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, суреттер, асықтар, конверттер, сандықша

    Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, дінтану, математика

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын

    сабаққа аудару.

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:

    І топ – «Хандар»

    ІІ топ – «Билер»

    ІІІ топ – «Батырлар»

    Үй тапсырмасы «Алтын қақпа» ойыны арқылы сұралады. Сұрақтар конвертке салынады. Әр конвертте үш сұрақтан болады.

     

    1. Тас қақпаның сұрақтары:

    1. Жоңғарлар кімдер?

    2. Сібір атауының шығуы туралы не айтасың?

    3. Сібір хандығының құлауы нәтижесінде Қазақ хандығында қандай өзгерістер болды?

     

    2. Күміс қақпаның сұрақтары:

    1. Жоңғар шапқыншылығының басты себебі неде?

    2. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы қай жылдары болды?

    3. Аңырақай шайқасының маңызы неде?

     

    3. Алтын қақпаның сұрақтары:

    1. Көшім тұсында Сібір хандығының күш қуатының арту себебі неде?

    2. Ресейдің Сібір хандығын жаулап алудағы мақсаты не еді?

    3. Сібірді жаулап алу саясаты қалай жүзеге асырылды?

     

    4. Алтын сандық сұрақтары:

    1.Сен қалмақ та, біз қазақ,

    Қарпысқалы келгенбіз.

    Сен темір де, біз көмір,

    Еріткелі келгенбіз.

    Екі еліктің лағын

    Теліткелі келгенбіз.

    Танымайтын жат елге

    Танытқалы келгенбіз.

    Танысуға келмесең,

    Шабысқалы келгенбіз.

    Сен қабылан да, біз арыстан,

    Алысқалы келгенбіз.

    Жаңа үйреткен жас тұлпар,

    Жарысқалы келгенбіз

    Тұтқыр сары желімбіз,

    Жабысқалы келгенбіз.

    Берсең, жөндеп бітімді айт.

    Бермесең, дірілдемей жөніңді айт.

    Не тұрысатын жеріңді айт! – Бұл кімнің кімге айтқан сөзі?

     

    Жауап: Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқаны.

     

    2. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталды. Мұның былай аталуы: жаудан қашып жаяу шұбырған қалың қауым әрі болдырып, әрі ашаршылықтан бұралып, Алқакөл жағасына келіп сұлап жатқанда, көп ішінен бір ақсақал адам шығып: «Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек, біз осы көрген күнімізді не деп атасақ болар?» деп сұрапты. Сонда тағы бір қария тұрып: мұның аты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болсын депті. Мұңын мәнісі не?

    Жауап: Атамекен, мал- мүлкінен айырылып, жаяу – жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра - шұбыра табаны ағарып, азып – тозды деген сөз екен.

    3. Жоңғар шапқыншылығынан босып, ел үдере көшкенде ол үйін жықпай, жұртта қалыпты-мыс.

    Қалмақтың әскербасы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, ол:

    - Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді, бұл бүкіл дүниежүзін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда, содан қорғаған құс еді. Мен өз болашағымды қорғап қалған құстың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым, -дейді.

    Мұны естіген қалмақ қонтайшысы «бұл кісі әулие» екен деп, оның өзіне де, маңайындағы еліне де тимепті – міс. Бұл кісі кім? Бұл кісіні өз атымен атамай әлі күнге дейін қандай атпен қадірлейді?

     

    Жауап: Төле би «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би»

     

    ІІІ. Жаңа сабақ:

    Жаңа сабақтың жоспары:

    1. Мәдениетке жалпы сипаттама

    2. Рухани мәдениет туындылары.

    3. Материалдық мәдениет қазыналары.

    ХҮІ – ХҮІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті - өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.

    Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.

    ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Әсіресе ХҮІ – ХҮІ ғғ Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізді.

    Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХҮІ – ХҮІІ ғғ кеңінен өркендеді. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарған», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай» т.б. ХҮІ – ХҮІІ ғғ өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар, Үмбетей.

    ХҮІ – ХҮІІ ғғ – қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Исламды таратушылар – Түркістан, Бұхара, Астарханның дінбасылары.

    Тұрғын үй түрлері: киіз үй және шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй. Жазғы үй түрлері: киіз үй және арба үстіне тігілген жылжымалы үй – күйме.

    Қысқы киімдері: күпі, шидем, ішік, тон, шалбар, жарғақ шалбар, тымақ.

    Ұлттық тағам түрлері: ет, сүт, май, қымыз, шұбат, айран, қатық, құрт, ірімшік, жент.

    ІҮ. Сергіту сәті. «Кім жүйрік?» математикалық ойын.

    Математикалық есептерді шешіп тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.

     

    1. 728 х 2 + 0 = 1456 (Қазақ хандығы құрылған жыл)

    2. 415 х 4 + 50 = 1710 (Қарақорымда жоңғарларға қарсы үш жүздің бас қосқан жыл)

    3. 560 + 1200 – 108 = 1652 (Салқам Жәңгір хан қайтыс болған жыл)

    4. (8425 / 5) – 5 = 1680 (Тәуке ханның таққа отырған жылы)

    5. 483 + 164 + 996 = 1643 ( Орбұлақ шайқасы болған жыл)

    6. (1901 + 110) - (1568 – 143) = 300 (2011 – 1711 яғни Абылай ханның биыл 300 жасқа келген жылы)

     

    Ү. Бекіту жұмысы. «Ханталапай» ойыны (сұрақтарға жауап).

    Үш топтан үш оқушы шығып асықты шиіреді. Кімнің асығы алшы түссе сұрақ сол топтың мүшелеріне қойылады. Егер ол топ жауап бере алмаса, келесі топ мүшелері жауап береді. Ойын ары қарай жалғаса береді. Дұрыс жауап берген топқа әр жауабы үшін бір асықтан беріліп отырады. Асықты көп жинаған топ жеңіске жетеді.

     

    1. Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы мәдениетінің даму ерекшелігі қандай?

    2. Рухани мәдениет дегеніміз не? Оған мәдениеттің қай салалары жатады?

    3. Қазақ ауыз әдебиетінің бай мұрасы ұрпақтан – ұрпаққа қалай жетті?

    4. Жазба әдебиет мұрасынан қандай еңбектерді атай аласыңдар?

    5. Халықтың күнтізбесінің ерекшелігі неде? «Жұлдызды әуе картасы» дегенді қалай түсінесің?

    6. Қазақтар арасында ислам дінін кімдер таратты?

    7. Материалдық мәдениет дегеніміз не?

    8. Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар.

    9. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар.

     

    ҮІ. «Дискуссиялық өрнек»

    1. «Хандар» тобына:

     

    Р/с

    Мазмұны

    Келісемін

    Келіспеймін

    1

    Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге міндетті

     

    +

     

    2

    Ханның уәзірі болған жоқ

     

    +

    3

    Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс

    +

     

    4

    Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ

     

    +

    2. «Билер» тобына:

     

    Р/с

    Мазмұны

    Келісемін

    Келіспеймін

    1

    Би- әділ, шешен, ақыл – кеңес бере алатын адам

    +

     

    2

    Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес

     

    +

    3

    Би – бірнеше рудан құралған Арысты басқарады

    +

     

    4

    Би- жазалау құқығына ие болған жоқ

     

    +

    3. «Батырлар» тобына

     

    Р/с

    Мазмұны

    Келісемін

    Келіспеймін

     

    1

    Батырлар – халық жасағын басқарды

    +

     

    2

    Батырлар арасында ханға берген антын бұзғандар жоқ

     

    +

    3

    Батырлар – феодалдар тобына жатты

    +

     

    4

    Батырлар хан алдында жауапты емес

     

    +

     

    ҮІІ. Қорытындылау

    Қазіргі таңда оқушылардың бойына ата-баба дәстүрі мен ел-халқының тарихын қастерлеуге, ал ең бастысы, отансүйгіштікті нығайту үшін ұлтының рухани-мәдени құндылықтарын сіңіру қажет.

    «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді. Ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын, тозбайтын, керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына шұғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты – ғылым мен мәдениет. Ендеше сол ата – бабаларымыздың тарихи - мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік» -деді еліміздің Президенті Н. Назарбаев өз сөзінде. Бүгінде мұндай тоқтамға, яғни өз тамыры мен өткеніне, ана тіліне, ата дініне, діліне әлемнің біраз мемлекеті бет бұра бастады. Оның жолын әркім өзінше танып, өзінше бағамдауда. Солардың қатарында әлемдік қауымдастықтың назарына ілігіп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып үлгерген Қазақстан орта мерзімді мемлекеттік 2004-2006, 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдаған тұңғыш ел.

    Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Өз еліңнің мәдени мұрасына ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің құнды элементтерін қабылдау – адамзат өркениеті дамуының сара жолы.

     

    ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

     

     

     

    ]]>
    admin Thu, 16 Feb 2017 23:58:36 +0600
    Ашық сабақ М.Мақатаев http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/85-ashy-saba-mmaataev.html http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/85-ashy-saba-mmaataev.html Ашық сабақ Мұқағали Мақатаев

    Ашық сабақ М.Мақатаев

     


    ]]>

     

     

    Қ.Үкібаев атындағы ЖОМ 

    Кітапхана меңгерушісі: Наленова Анар 

    8 "Ә" сынып          

      Мұқағали-мәңгілік ғұмыр.

    Тақырыбы: Мұқағали-мәңгілік ғұмыр.
    Мақсаты: ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен
    шығармашылығын таныту, ақындық талантын
    шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген
    қызығушылығын арттыру, өлеңдерін
    мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің
    тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың
    өлеңге деген ынтасын, көркемсөз оқу шеберлігін
    арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін
    қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке,
    өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: ақынның суреттері, кітаптары, шығармалар
    жинағы, плакатқа жазылған өлең
    жолдарынан үзінді.
                                         

                                            Жоспары:
    1  Кіріспе бөлім
    2  Мұқағали мәңгілік ғұмыр ( Реферат дайындау)
    3  Ақынның өлеңдерінің мәнерлеп оқу.
    4  «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндерін орындау)
    5 «Жазылар естеліктер мен туралы» (Ақын жайлы слайд көрсету)

    1-жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізіліп отырған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
    Ән: Қазақстан

    Орындайтын:Бегімқұлова Н

    2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев 86 жасқа толып отыр. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты.
     Қойшыбай Меруерт  «Қайран Қарасазым-ай!»
    Қайран қара сазым –ай!
    Тамаша еді жазғы орман
    Құстар сайрап мәз болған
    Көлшіктерде, суларда,
    Үйрек ұшып, қаз қонған.

    Шыбын-шіркей қаға ма,
    Шоршып судан ақ шабақ?!
    Таз тырна отыр жағада,
    Сыңар аяқ, ақ қабақ.

    Елік ертіп лағын,
    Еңкейеді суатқа.
    Елеңдетіп құлағын,
    Тыншымайды бірақта.

    Көкқұтаңдар көлбеңдеп,
    Көтеріле алмайды.
    Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
    Көк қояндар заулайды.

    Мұздай суын атқылап,
    Ақ бастаулар қайнаған.
    Тана торпақ шапқылап,
    Оқыралап, ойнаған.

    ...Тамаша еді жазғы орман:
    Тамашалап мәз болған,
    Қайран Қарасазым-ай!
    Үйрек ұшып, қаз қонған!...


    1-жүргізуші:Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.

    2-жүргізуші: Бәрі есімде мекен-жай тұрағым да,
    Тек есте жоқ күлдім бе, жыладым ба?!
    Балалық шақ жармасып жүретұғын,
    Өгіз шеккен соқаның құлағында,-деп жырлаған балаң жырдың иесі Мұқағали ағамыз...
    (Оқушылар кезек-кезек жылдар бойынша өмірбаянын қысқаша айтып шығады).
    Қадырқұл А «Әке»
    Акаш Акерке:  Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.

    Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды.
      Айдарова Ж:  Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.

    Ақерке: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
    Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.

    Ашық сабақ М.Мақатаев

    1-жүргізуші: Ақын жырларын оқи отырып, әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.
    Жеткіз жұртқа бүгіні, өткендерін,
    Қысын, күзін жазы мен көктемдерін.
    Жадында тұтсын ұрпақ жасырмай айт,
    Ақтабан шұбырынды өткелдерін,-деп ұрпаққа ұғындырып кетуге тырысады. Соған мысал ретінде «Райымбек» поэмасын алуға болады. «Райымбек, Райымбек!» дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.

     

     М.Мақатаев туралы слайд көрсетіледі.

    2-жүргізуші: Мұқағали-ғажайып, сыршыл, ақиық, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
    Ән:  Жапырақ жүрек жас қайың.

    1-жүргізуші: Туған жерге, елгең халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын.
    Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
    Аңызыма неге нәр тамызбайын.
    Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
    Қара көзден неге қан ағызбайын,- дейді ақын өлеңінде.
    Жәнібек Оразбай«Үш бақытым»
    М.Мақатаевтың Фаризаға арнаған өлеңі.

    Оқитын Абил Арсен
    Фариза
    Фариза,
    Фаризажан, Фаризақыз
    Өмірде ақындардың бәрі жалғыз,
    Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
    Бірімізден-біріміз арылармыз.
    Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
    Шаң басқан архивтерден табылармыз.

    Сен мені білесің бе, білесің бе?
    Жаралмаған жан екем күресуге.
    Жылай жүріп, өтірік күлесің де
    Жүресің де қоясың, жүресің де.
    Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
    Тастағысы келеді күресінге
    Фаризажан сен соны білесің бе?

    Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
    Серіппесі үзіліп тұр садағым.
    Жігітінен қазақтың дос таба алмай
    Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын
    Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
    Ақын болып несіне жаратылдым,
    Арсында қап қоймай қара түннің.
    Қасиетін сезем деп Ана тілдің
    Қауырсыны қалмады қанатымның.
    Қу тірлікке құл болып аяқ басып,
    Құлашымды жая алмай баратырмын.

    Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
    Аттап өттіполардың қия белін
    Енді міні қауқарсыз құр ашуды
    Жия бергім келеді, жия бергім.
    Маңдайымнан сыйпаған бір жан болса,
    Енді қалған өмірді қияр едім.

    Білмеймін бұзықпын ба жындымын ба?!
    Кеп тұрады тілегім мұңды мұңға.
    Енді қалған өмірдің құрдымында
    Өлтірсе де көнбеймін жырды құмға!
    Нөл болды деп айтам жалтармаймын,
    Көбейтсеңде қаншама мыңды мыңға ...

    Айналаға қарайтын анық барлап,
    (Түн кеткесін күн шығып, жарық болмақ.)
    Бағыштайық бәрінде халыққа арнап.
    Фариза, Фаризажан, Фаризақыз
    Бірімізден біріміз арылармыз.
    Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
    Подвалдағы архивтен табылармыз..


    1-жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы-оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағына жарияланды.
    Көрініс. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді.

    1-жүргізуші: Ол арамызда жоқ. Ажал, ажал! Көкірегі толы мейірімді шуақ, жүрегі толы махаббат пен ырыс, арманы мен қиялына кезек мініп, өмірдің келесі кезеңіне қарай тартып бара жатқан ақынды тым ерте жолынан қайырған да сен едің! Ол қылшылдаған 45 жасында дүниеден өтті.


    2-жүргізуші: Соны сезгендей ол жанұшыра:
    Өмір сүрсем енді бір жиырма жыл,
    Жиырма жыл,
    Шынымен қиын ба бұл?
    Қиын болса он жылда жетеп жатыр,
    Тек жүректен ашылсын құйын дауыл.
    Қайратқызы Назерке. «Жазылар естеліктер мен туралы»

       Ән:   Құрбанбай Болдығыз  «Отыздан асып барамын»

              Абил Арсен Пай пай Өмір!
    Пай, пай, өмір!
    Пай, пай, өмір!
    өтесің – ау бір күні,
    тиясың ау қуанышты күлкіні.
    өмір деген – бір жарқ еткен найзағай,
    өмір деген көк аспанның күркірі.
    Пай, пай өмір,
    Өтесің-ау бір күні!

    Болмағандай жүрмегендей сен д,е біз,
    Кетеміз-ау, әй кетеміз... пендеміз
    Ұрпақтарға береміз де кезекті,
    Біз кетеміз, кету үшін келгенбіз.

    Өмір деген – бұйым емес қолдағы,
    Өмір дейтін ұлы бекет жолдағы.
    Қаның кеуіп қаталаған кезінде
    Сусыныңды қандырасың бір болғаны.

    Мына күнде, мына аспан да дала анау
    Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
    Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
    өмір дейтін - өлемін деп қарамау.




    Суханберді Ақжүніс « Ғашықпын»
    «Ғашықпын!»
    Ғашықпын,
    Шын ғашықпын сол адамға!
    Мен болмасам болмайын, сол аман ба?!
    О. Тәңірім неткен жан ед қайырылмайтын,
    Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

    Ғашықпын,
    Қайтып оны жасыра алам,
    Бір алтын оның әр тал шашы маған.
    Сағынайын, таусыла сағынайын,
    Сағынышқа жаралған ғашық адам.
    Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
    Ақ қанат құсым менің кеткенім бе?
    Шарқ ұрып бар ғаламдышыр айналып,
    Мәнгілік сені іздеумен өткенім бе?

    Сарғайған сағынышты басып толық,
    Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
    Өтермін сірә да мен бұл өмірден,
    Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.

    «Махаббат диалогы»
    - Құс боп ұшып жоғалсам н, не етер едің?
    -сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
    -Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
    -Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
    -Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
    -Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін.


    2-жүргізуші: Би   Қамажай.

    1-жүргізуші: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» -деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.


    Ән «Саржайлау
    1-жүргізуші: Жүректен қозғайын,
    Әдептен озбайын.
    Өзіде білмей ме,
    Көп сөйлеп созбайын, - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осымен ақиық ақынымызға арналған тәрбие сағаты аяқталды. Назар салып тыңдаған ұстаздар мен оқушыларға, осы тәрбие сағатымызды өткізуге атсалысқан оқушыларға мыңда бір алғыс айтамыз.
    ������� ������ ��� dle ������� ��������� ������

     

     

    ]]>
    admin Wed, 15 Feb 2017 05:16:57 +0600
    Ашық сабақ информатика http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/83-ashy-saba.html http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/83-ashy-saba.html

    Информатика ашық сабақ

    Программаинтерфейсімен танысу.Презентциялар.

    Мультимедиалық презентациялардың конструкторы.


    ]]>

    Программа  интерфейсімен танысу.Презентциялар.

    Мультимедиалық презентациялардың конструкторы.

     

    Пәні: Информатика

    Сыныбы: 6 «А» сынып

    Пән мұғалімі: Садуақасұлы Нұрсұлтан

     

    Пәні, сыныбы: Информатика,  6 ынып

    Күні:

    Сабақ №26

    Сабақтың тақырыбы

    Программа  интерфейсімен танысу.Презентциялар.

    Мультимедиалық презентациялардың конструкторы.

    Жалпы мақсаты

    Программа интерфейсімен таныса алады; Презентация ұғымы қалаптаса алады; ақпараттық сауаттылықтары арта алады

    Оқу нәтижелері

          Программа интерфейсімен таныса алады (барлығы);

          Презентация ұғымы қалаптаса алады (барлығы);

          ақпараттық сауаттылықтары арта алады (барлығы)

    Сабақ  түрі:

    Жаңа білімді меңгерту.

    Сабақтың әдісі:

    ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме

    СТО: Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

    АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық

    ОБжК: (оқытуды басқару  және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау

    ОҮБ: (формативті,  сумативті)

    Дарынды және талантты  балаларды оқыту:

    Деңгейлік  тапсырмалар

    Көрнекілігі

    ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.

    Түйінді идеялар

    Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.

    Сабақ кезеңдері

    Кіріспе

    Уақыты: 5 мин

    Қызығушылықты ояту.

    Ұйымдастыру.

    Оқушылармен амандасу, түгендеу

    Тренинг.

     

    Тұсаукесер

    Уақыты: 5 мин

     

    Миға шабуыл.

    «Ой қозғау»  (Үй тапсырмасы)

    Сұрақ-жауап түрінде.

     

     

    Негізгі бөлім

    Уақыты:25 мин

     

     

     

     

     

     

     

    «Ой толғаныс» Мағынаны тану.

    Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы - әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды,  идеяларды,  суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшліктің зеійінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

    PowerPoint программасы – электронды презентация (слайд-шоу)  құруға арналған.  Электрондық презентациялардан басқа проекторға арнап пленкалар шығаруға немесе оны қағаздық тасуышта да шығарып көрсетуге болады.

    PowerPoint программасының әрбір презентациясы  слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.

    Презентация құру негізінен  текст пен обьектілерді  слайдта тиімді тәсілмен орналсатырудан тұрады.

    PowerPoint-та кез келген  презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:

    1.   Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.

    2.    Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.

    3.    Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.

    4.    Презентацияларға обьектілер қосу.

    5.    Презентациядағы ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.

    6.   Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.

    7.  Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.

    8.  Презентацияны демонстрациялау.

    Ал PowerPoint программасын іске қосу үшін мынадай командалар орындалады:

    Пуск-Программы- Microsoft PowerPoint

    Осы команда орындалған соң экранға PowerPoint-тың диалог терезесі ашылады.  Мұнда жаңа презентация құруды бастауға немесе бұрын сақталған презентацияны ашуға болады. PowerPoint-та презентация құруды алғаш үйренушілер жаттығу үшін  Мастер автосодержания көмегімен презентация құруға болады.

     

    (Програманы іске қосуды компьютерде демонстрациялап  программа терезесінің компонентерін түсіндіріп өтемін. )

     

    Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс. (Топшамалар тарату)

     

    Сергіту сәті.

     

    Бекіту сұрақтары:

    Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы не үшін қажет?

    Презентация неден құралады?

    Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?

    PowerPoint қалай іске қосады?

    PowerPoint-тың терезесінің Word,  Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?

     

    Қорытынды

    Уақыты: 6 мин

     

     

     

     

     

     

     

     

    Рефлексия

     

    Пікірлесейік

     

    Ойласайық

     

     

     

     

     

     

     

    Үй тапсырмасы

    Уақыты: 2 мин

    Үйге: тақырыпты оқу.

     

      Бағалау

    Уақыты: 2 мин

     

     

    Жиынтық бағалау.

     

    Дерекккөздер

    Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов «Информатика-6» оқулығы,  Астана «Арман-ПВ» баспасы 2014,  6-сыныпқа арналған электрондық оқулық,  «Әдістемелік нұсқау», Дидактикалық материалдар (практикум), Интернет материалдары

    ]]>
    admin Wed, 15 Feb 2017 04:03:59 +0600
    Ашық сабақ бастауыш сынып http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/88-ashy-saba-bastauysh-synyp.html http://ukibaev-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/88-ashy-saba-bastauysh-synyp.html Ашық сабақ бастауыш сынып Біреуге ор қазба – өзің түсерсін

    ]]>
     

    Ашық сабақ бастауыш сынып

    « Қ.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебі»

    коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Бастауыш сынып

    мұғаліміАшенова Гүлнар

    № 2 сабақ. Қысқа мерзімді жоспар.

    Сабақтың тақырыбы: Біреуге ор қазба – өзің түсерсін

    Жалпы мақсаты: Ертегі мазмұнын түсініп идеясын ашуға, өмірмен байланыстыра білуге машықтандыру

    Оқудың нәтижесі: Ертегі мазмұнымен танысады. Өмірмен байланыстыра білуге машықтандыру

    Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап әдісі, топтастыру стратегиясы. Блум таксаномиясы

    Көрнекіліктер: Слайдтар, смайликтер, плакат, маркерлер, үлестірмелі қағаздар.

    Негізгі түсінік: біреуге ор қазба – өзің түсерсің ертегісіндегі адамның

     

     

     

    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

     

    1 минут

    Ұйымдастыру кезеңі.

    Оқушылармен салемдесу.

    Оқушыларды түгендеу.

    Жаңа сабақ.

    Мұғаліммен сәлемдесуі. Оқушыларды талапқа сай отырғызып назарларын сабаққа аударады.

     

    2 минут

    Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

    Оқушылар хормен

    Мынау менің жүрегім,

    Бәрі осыдан басталған.

    Мынау басым ақылды,

    Бәрін осы басқарған.

    Мынау менің оң қолым,

    Бәрін осы атқарған.

    жүрегін ұстайды

    басын ұстайды

    оң қолын көрсетеді

    оқушылар хормен айтады.

     

    2 минут

    Топқа бөлу

    Түрлі-түсті қағаздарды ұсыну. «Бай адам», «Кедей адам», «Орташа адам»

    Ұнаған түсін таңдайды

    Үштопқа бөлініп отырады.

     

    5 минут

    Үй тапсырмасын сұрау

    «Патша мен жер қазушы ертегісіне түсінік айту»

    Егер мен патша болсам деген шығармасын оқыту.

    Үздік шығарманы мектепішлік тақтаға іліп қою.

    Оқушылар ертегінің мазмұнын айтады.

    Жазған шығармасын оқиды.

     

    2 минут

    Қызығушылықты арттыру.

    Өмірде адамдар қандай өмір сүреді?

    Әр топ өзі жайлы айтады.

     

    3 минут

    Ой қозғау

    Бай мен кедейдің арасы немен өлшенеді?

    Топта, жауап талқылау.

    Ортақ пікірлерін жария ету.

     

    20 минут

    Мағынаны тану

    Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

    Оқушылар әдісі мен ергеі мазмұнын талқылайды.

    І – топ. «Бай адам» тобы әңгіменің қарап тұр екен деген жеріне дейін оқиды.

    ІІ – топ. «Кедей адам» тобы әңгіменің «Жағаға алып шығыпты» деген жеріне дейін оқып мазмұнын айтада.

    ІІІ-топ. «Орташа адам» тобы әңгіменің айағына дейін оқып мазмұнын айтып береді.

    Оқушылар топ болып жұмыс істейді.

     

    3 мсинут

    Сергіту сәті

    Көңілді күн

    Оқушылар түрлі қимыл жасайды.

     

    5 минут

    Ой толғаныс

    Тақырып бойынша мақал-мәтел

    І-топ. Бай мен кедей

    ІІ-топ. Өлең жазу

    ІІІ-топкейіпкерге сипат беру.

    Қандай ой түйдің?

    Кітаптан сұрақ беру. Дарынды, қабілеті төмен оқушымен жұмыс

    Оқушылар бірігіп сахыналық қойылым жасайды.

    жеке-жеке

     

    3 мннут

    Инсерт стратегиясы

    Оқушыларға стикерлерді толтыруға нұсқау беру.

    Оқушылар стикерлерге «Не білдім?», «Не білгім келеді?» сұрақтарына жазған жауаптарын іледі.

     

    2 минут

    Бағалау

    Бағдарша әдісі

    Қызыл – «5»

    Сары – «4»

    Жасыл – «3»

    Оқушылар геометриялық фигураларын береді.

     

    1 минут

    Үйге тапсырма

    ертегіні түсініп оқу

    Мақал-мәтел жаттау

    Оқушылар күнделіктеріне жазады.

     

    ]]>
    admin Fri, 11 Nov 2016 00:00:00 +0600