14
ақпан
2022
"Ауған соғысы" ардагерлермен кездесу
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қ. Үкібаев атындағы №37 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ауған соғысы" ардагерлермен кездесу болып өтті. Ауған соғысының ардагерлері: Нахипов Есберген, Бертаев Тағайхан, Тойшиев Мейірхан және Таңатаров Ендібай ағамыз қатысты. Іс- шараға қатысқан ата—аналар комитетінің төрағасы Т. Қасымбеков оқушыларға еліміздің құндылықтары туралы айтты. Жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатындағы іс— шара өз деңгейде өтті.





