19
ақпан
2018
Ерлікке тағзым
Ерлікке тағзым.
Кеңес
әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына арналған кездесу-кеш.
Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген,патриоттық рухы
жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған
соғысында опат болғандар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық көрме,интерактивті тақтада
көрсетілетін слайдтар,деректі кинофилъм,плакаттар,суреттер.
Шақырылған
қонақтар:Ауған соғысы ардагерлері:Нахипов Есберген, Бертаев Тағайхан,Зайдинов
Жансейіт.
Кездесу барысы:
(Мемлекеттік
Гимн орындалады.)
1-Жүргізуші
Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар,
ұстаздармен оқушылар!
2-Жүргізуші
1979 жылы желтоқсан айында Кеңес Үкіметінің ұйғаруымен
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылдады.
Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих
жылнамасынан өзінің қарулы, нәубет жылдармен орын алған зұлматтың бірі – Ауған
соғысы.
1-Жүргізуші
Сұрапыл майданда келмеске кеткен қандастарымыздың жанды
бейнелері, олардың аты мен жасаған ерліктері ұрпақ жадында мәңгілікке
сақталады. Олай болса, Ауған соғысында құрбан болған барлық жауынгер
ағаларымызды бүгінгі ұрпақтары болып саналатын мына біздер 1 минут үнсіздік
жариялап еске алайық.
2-Жүргізуші
Құрметті қонақтар,
сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп,
қаһармандық танытқан, өздерінің отан алдындағы парызына адал болған Ауған
соғысы ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1-Жүргізуші
Бейбіт өмірде отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей
жас жігіттер ауған соғысына аттанды. Мұнда қаншама жас қыршыннан қиылып, қанша
– ма жас мүгедек болып оралды.
Осындай ауыр аманат арқалап өмір мен өлім белдескен қанды
шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман
жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен
таныстырайық.
1.Нахипов Есперген
2.Бертаев Тағайхан
3.Туршеев Жансерік
2-Жүргізуші
Соғыстың тарихына тоқталсақ.
(«Ауған соғысы» видиофильм көрсету)
1-Жүргізуші
Баяндама «Ауған соғысы»
Оқитын:
2-Жүргізуші
Оқушыларымыздың Ауған соғысы туралы оқитын өлеңдеріне
кезек
береміз.
1-Жүргізуші
Күй «Тойбастар»
Орындайтын: Ұлжан апай.
2-Жүргізуші
Ер қадірін назарын тасалаудан
Қай ел тауыпты?
Иа, ерлікті жасамаудан
Бағаламау әлде – қайда қауіпті- деп Мұхтар ағамыз
жырлағандай, еліміздің қайсарлы қаһармандарын ұмытпауымыз керек.
1-Жүргізуші
Ән: Атамекен
Орындайтын: Акаш Перизат.
2-Жүргізуші
Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан кешкен.
Ардагерлер-естелігі ертліктің,
Ұрпақтары-бұтақтары,
Қасиеттің, өсиеттің ұмытылмас мәңгі естен.
1-Жүргізуші
«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана
қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ
пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған
жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп,
естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, естен кетпес
естеліктерден үзінді айта отырсаңыздар.
Ауған соғысы ардагерлерінің әңгімесін тыңдау, сұрақтар
қою, пікір алмасу.
2-Жүргізуші
(Хормен бірге барлық қатысушылар «Атамекен» әнін орындайды.)
1-Жүргізуші
Құрметті қонақтар!
Осымен «Ерлікке тағзым» атты кездесу – кешіміз аяқталды. Көріп
тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет! Сау болыңыздар.