Ауылымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлері » Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 678-66-94
Есепші бөлімі:
+7(778) 388-25-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауылымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлері
10
ақпан
2017

Ауылымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлері

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен батырлары


Ауылымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлері

 

Тасымұлы Әбіл 

Тасымұлы Әбіл 1914жылы Мақтаарал ауданы,Жамбыл ауыл округі,Андреевка елді мекенінде өмірге келген.Жас кезінен білімге құмар болған.Шымкент мұғалімдер институтын алғаш бітіргендердің бірі.Алғашқыда әр түрлі жұмыс істеген.Өзбекстандағы Сырдария совхозында соғыстан бұрын мұғалім болып жұмыс атқарған.1939 жылы әскерге алынған.Ұлы Отан соғысына қатысқан.Соғыс майданында жастарды танк айдауға үйреткен.

   Соғыстың соңғы  жылдары маман жетіспегендіктен Самарқанда танк жасау зауытында инженер-механик болып жұмыс жасаған.1946-1954 жылдар аралығында аудандағы Ы.Алтынсарин мектебінде физика-математикадан сабақ береді. Білімін жетілдіру мақсатында Ташкентте Низами атындағы  педагокикалық институтқа сырттай оқуға түседі.1954 жылдан бастап Ә.Жангелдин атындағы мектебінде директор болып қызмет атқарған.1960-1970жылдар аралығында мал жайылымында М.Мәметова атындағы мектеп-интернатында директор болып қызмет атқарған.1970 жылдан бастап Ә.Жангелдин мектебінде физика-математика пандерінен сабақ беріп,осы ұжымда зейнеткерлікке шыққан.1979жылы 23 наурызда ауыр науқастан қайтыс болды.

 


Ауылымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлері

Қоспайұлы Байсерік 

Қоспайұлы Байсерік, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы интернационал колхозында 1923 жылы 20 маусымда дүниеге келген.

 

Қоспайұлы Байсерік «Бірлік» орта мектебінде білім алған. 1940 жылы әскер қатарына шақырылды, Ұлы Отанн соғысына Алматы қаласында әскери дайындықтан өтіп жүрген жерінен аттанды.

Ол Украйна, Беларусия майдандарында жаумен бетпе – бет келіп талай жарақат алып емделді. Бірақ қайсар жауынгер Қоспайұлы Байсерік Ұрыстың Соңына жетпей, 1944 жылы оң аяғынан айрылып елге оралды. Еліне оралған азамат тыл майданына аянбай араласып кетті. Қарапайым еңбектен есепші, ферма меңгерушісі, бөлім меңгерушісі қызметіне дейін жетті.

Ұлы отан соғысындағы ерлік істері үшін:

1966 жылы Кеңес Одағының «Маршал Жуков» медалімен,

1975 жылы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығы 1941-1945жж» медалімен,

1985 жыы «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 40 жылдығы» медалімен,

1988 жылы «СССР қарулы күштерінің 70 жылдығы» медалімен,

2000 жылы «елбасының жеңістің 55 жылдығы құрметіне» 1941-1945жж соғыс ардагері белгісімен марапатталған.

Қоспайұлы Байсерік, үлкен отбасы иесі болды. Ол алты ұл,төрт қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан елу немере, жиырма шөбере тараған.

Қоспайұлы Байсеріктің өмір серігі Гүлназ ана-белгілі революционер Жәкіш Байсембаевтің қызы еді. Ол кісі он ұл қыз өсірген «Батыр ана» болатын.

Бүгінде Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Қоспайұлы Байсерік есімі өзі еңбек еткен «Кеңесшіл» аулының үлкен көшесіне және Қ.Үкібаев атындағы орта мектебінің "Қазақ тілі және әдебиеті"  кабинетіне аты берілді.

Қоспайұлы Байсеріктің ұрпақтары ауылдың жастарын салауатты өмір салтын ұстануға айрықша көңіл бөлуде. Атап айтар болсақ жыл сайын "Жеңіс күніне" орай ауыл жастары арасында дәстүрлі түрде футбол жарыстары өткізіліп келеді. 

 

                                                              

Ауылымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлері

 Опабеков Нәмиәлі өмір дерек

 

Опабеков Нәмиәлі, Оңтістік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы , Жамбыл колхозы, Кеңсшіл ауылында 1922 жылы 15-мамырда дүниеге келген.

    Опабеков Нәмиәлі  «Бірлік» орта мектебінде білім алған, 1941 жылы Мұсырманқұл қызы Рабиаға үйленіп, ртбасын құрды, перзент сүюге, қуанышын көруге сол жылғы басталған  Екінше дүние жүзілік соғыс кедергі болды, Отан қорғау әр-бір азаматтың абыройлы жігіттік борышы-деп түсінген Нәмиәлі өз еркімен соғысқа аттанады, соғысқа Мақтарал аудандық комиссиаратынан 1942 жылы аттанып Монғолияға барып тұрақтайды, сол жерден бірнеше ай әскери дайындықтан өтіп 8-қараша 1942 жылы әскери ант қабылдайды, 555-ші атқыштар полкінде, 3-ші мотострелковый полкте Командир бөлімшесі болып Сержант атағын алады, Жеңістен кейін анығырағы 9 тамыз 1945 жылдан 3 қыркүйек 1945 жылға дейін  Жапон соғысына қатысады, СССР Жоғарғы Советі Президумының жарлығымен 22 қазан 1946 жылы еоге аман-есен оралады. Соғыс жылындағы өнегелі өмірі, көрсеткен қырағылығы, әскери тәртіпті, Устаев ережесін сақтағаны үшін Опабеков Нәмиәлі Командование басшылығы тарапынан бірнеше рет марапатталады. Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері үшін:

    1965 жылы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 20 жылдығы медалімен, 1975 жылы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 40 жылдығы медалімен марапатталады.

    Бейбіт өмірде өзі туған ауылда зейнеткерлікке шыққанша колхозда көп жылдар бойы мақта-астық бригадирі, ферма меңгерушісі болып қызмет атқарды. 5 ұл 2 қыздың әкесі, бірнеше немеренің абыз атасы болды. Соғыс жылдарындағы және бейбіт өмірдегі Нәмиәлі атаның істеген істері әрдайым өнеге болып келген, ұрпақтары ол кісінің өнегелі өмірін мақтан тұтады. Пайғамбарлық жастан өткен шағында бала-шаға, немерелері, ағайын –туыстың  алдында көп ауырмастан 1987 жылы дүниеден өтті.

   Бүгінде Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Опабеков Нәмиәлі есімі өзі туып өскен, кызмет еткен туған ауылы «Кеңесшіл» ауылының үлкен көшесіне және Қынабек Үкібаев атындағы орта мектебінің бір оқу кабинетіне берілді.

 

Сүгірбаев Шойынбай Шүленбайұлы

Ұлы Отан соғысы еліміздің тарихында мәңгі өшпес әріптермен жазылып қалды.. Себебі,милиондаған жауынгерлер аталарымызбен ағаларымызды жат жерде оққа да ұшыратты. Сұм соғыстың ауыртпашылығы түспеген,қайғы қасіретін тартпаған бірде бір отбасы қалмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы ал бірінің сүйген жары қаза тапты. Оларға туған жердің топырағы бұйырмады. Оқпен оттың арасында елге аман- есен келіп, халыққа қызмет еткен аталарымызда бар. Майданда батырлығымен ерлігімен бейбіт өмірге адалдылығымен, қарапайымдылылығымен көзге түскен майдангер аталарымызды әр дайым есте сақтауым қажет

Соғыстан аман оралып, өмірінің соңіна дейін шәкірт тәрбиелеп ұлағатты ардагер ұстаз Шойынбай Сүгірбаев. Ол кісі 1920 жылы тамыз айының 21 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жамбыл ауыл округіне қарасты «Кеңесшіл» елді мекенінде дүниеге келген.

Жас кезінде ақ бала Шойынбай талапшыл, әр нәрсеге құштар, қолға алған ісін тындыра істейтін ұқыпты болыпб «Бірлік» орта мектебін үздік бітіріп шығады. Мектепте оқып жүргенде ақ ақын жазушылардың жыр дастарын, қиссаларын оқы құрдастарының алдында ерекшеленеді.

1939 жылы армия қатарына шақырылып өзінің дене құрылысына және бойының сәйкестігімен Мәскеу қаласындағы әскери учелищиге қабылданыпб оны үздік аяқтайды. Әскер қатарында аға сержант шенінде қызметке еніп, елге қайтар уақытта Ұлы Отан соғысы басталып, сол жақтан сағысға аттанады. Отанын неміс фашистерінен азат ету жалында бірнеше рет жараланып, аянбай ерлік көрсетеді. «екінші дәрежелі Отан соғысы»  орденемен, бірнеше  медалдармен марапатталады. Ұлы Отан соғысының жеңіс күнін Австрия мемлекетінің астанасы Вене қаласында қарсы алып, аман-есен 1947 жылы елге оралады...

Елге келген соң колхоз жұмысына белсене араласын еңбек етеді. Ауылдағы жастар соғыс кезінде жаппай сауатсызданғанын білген Шойынбай ата асарланып ауылда бастауыш мектебін салып, балалардын оқу тәрбиесіне белсене араласады. Кейіннен көп жылдық ұстаздық еңбегін ескеріп КСРО «оқу ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен және көптеген медалдармен марапатталады. 1960 жылы Мақтарал ауданы және ауылдық кеңестеріне халық депутаты болып сайланады.

Ұлы Отан соғысында көрген азабымен жарақатынан ұзақ уақыт емделіп, 1991 жылы ақпанның 2 жұлдызында дүниеден озады. Осы күнге дейін ұстаздың сүбегейлі еңбегін, кейінгі ұрпақ үлгі тұтады.

Өзі туралы айтуға сараң, өзгенің жақсылықтарын ерлік істерін баяндауға келгенде жомарт  Шойынбай Шүленбайұлы ұл қыздары, жерлестері щәкірттері сұрап қоймағанда кейде майдандағы өмірінен сыр суыртпақтайтын еді.

«мектепті аяған бойда шақырту алдым. Қазақстан Орта Азия республикакларынан жинақталған жас жүгіттер пойызбен 1 ай жол жүріп, Мәскеуден бір ақ шықтық. Сол келген күні ақ моншаға түсіріп, әскери киім кигізді. Ертеңіне 800 дей сарбазды сапқа тұрғызып, олардын ішінен түр әлпеті келіскен бойшаң, спортшы түлғалы 40 тайын бөлектеп алдыда « сендер Кремьлді күзетесіңдер. Яғни ел билігіндегілерді күзететін боласыңдар» алдымен қасқа мерзілді дайындық курснан өтесіңдер» деді деп еске алып отыратын.

 

Ауылымыздың Ұлы Отан соғысы ардагерлері

Ұлы Отан Соғысының ардагері

 

Шындауылов Ашен Шындауылұлы

(1924-1987ж)

 

Өмірдерек

Шындауылұлы Әшен 1924 жылы екінші ақпанда Мақтарал ауданы,Жамбыл ауыл округі,Андревка елді мекенінде өмірге келген.Жұбайы Оразкүлмен 2қыз 4ұл тәрбиелеген.Қазіргі таңда 22 немересі бар.осы елді мекенде колхозда жұмыс атқарған.1944жылы әскерге алынып,Ұлы Отан Соғысына қатысқан.Соғыста Моңғолияда борышын атқарған.

Соғыс біткен соң елге аман-есен оралған.Бірнеше ҰОС медальдармен марапатталған.Соғыстан алдын осы колхозда мақта шаруашылығында бригдирболып жұмыс жасаған.Осы еңбектің арқасында мақта шаруашылығында жақсы қызмет атқарғаны үшін «Еңбек ардагері» медальімен марапатталған жане «Масквич» атты жеңіл көлікті сыйға тартқан.Соғыстан  кейін осы колхозда ферма директоры орынбасары қызметін атқарған.1977-1978 жылдар аралығында  осы ауылда ГСМ қызметін атқарып,осы ұжымды зейнеткерлікке шыққан.Жақсы әке жақсы жар,жақсы ата бола білген. 1987 жылы наурыздың 2-ші жұлдызында жүрек ақауынан кенеттен қайтыс болады. Қазіргі таңда Шындауылұлы Әшен атында көше бар. Ауыл ақсақалдары ойласа, Ақылдаса келе «Жақсының аты өлмейді» дегендей  осы ағымыздың атына бір көшенің атын берейік деп өзінің шаңырағына ас беріп көшеге ат берді.

 


 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив