Мектеп тарихы » Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 678-66-94
Есепші бөлімі:
+7(778) 388-25-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
мамыр
2016

Мектеп тарихы

Мектептің тарихы туралы мәлімет.


 

1956 жылы №12 Жангелдин атындағы орта мектеп болып құрылды.

Орта мектеп болып ашылғаннан бері мектепті төмендегі аттары аталған

ұстаздар басқарды.

 

Аты – жөні

Қай жылдары директор болып қызмет істеді


Тасимов Әбіл

1956 – 1957 жылдары


Датқаев Мәлік

1958 – 1959 жылдары


Сартаев

1960 – 1961 жылдары


Дауымбаев Бекайдар

1961 – 1964 жылдары


Асанов Анарбек

1965 – 1966 жылдары


Пердебаев Хамит

1967 – 1972 жылдары


Бейсенбаев Қашқынбай

1973 – 1974 жылдары


Қалдыбеков Өскен

1974 – 1986 жылдары


Сүлейменов Ергеш

1986 – 1987 жылдары


Мамасариев Темірхан

1987 – 2011 жылдары


Аимбаев Сабит

Шынтөреев Бейбіт

2011  -  2018 жылдары            

2018 жылдың 26 тамыздан бастап деректордың уақытша міндетін атқарушы.


 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 мамырдағы

№771 қаулысына сәйкес №12 Әліби Жангелдин атындағы орта

мектеп - №76 Қынабек Үкібаев атындағы орта мектеп

болып ауыстырылды.    

Мақтарал ауданы Әкімдігінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы №35 қаулысымен «Қынабек Үкібаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды   


Мектеп 3 ғимараттан тұрады. 

І ғимарат 1970 жылы қолданысқа берілген сыйымдылығы 300 орын Жамбыл а/ә. Кеңесшіл е/м. орналасқан.

ІІ ғимарат 2014 жылы 29 қарашада қолданысқа берілген сыйымдылығы 100 орын Жамбыл а/ә. Андреев е/м. орналасқан.

ІІІ ғимарат 2019 жылы қолданысқа берілген сыйымдылығы 300 орын Жамбыл а/ә. Кеңесшіл е/м. орналасқан. 

Құрушы "Нури – Л – Жетісай” ЖШС фирмасы.

Аудандық бюджеттен 150 000000 тенге қаржы жұмсалған. 

І ғимаратқа 2011 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына Облыстық бюджеттен 20 000000 теңге қаржы бөлінді. Мектептің шатыры, есік терезесі, спорт кешенінің  шатыры ауыстырылды. 

Жөндеу жұмыстарын жүргізуші «МБН и К» ЖШС.

2018 жыл тамыз айынан бастап Қ.Үкібаев мектебінің алдынан 300 орынды жаңа мектеп бой көтеруде. 

Мақтарал ауданы Әкімдігінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы  №35 қаулысымен "ҚынабекҮкібаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.

 

      Қазіргі таңда 2018-2019 оқу жылында:

Жалпы оқушы саны – 813 МАДТ 87= жалпы 800 оқушы білім алуда.

Сынып саны -38+4 МАДТ=42

Педагог мамандар-75

Тәрбиеші мамандар-4

Штаттық қызметкерлер-10

Техникалық қызметкерлер-30

  

Мектептің бүгінгі таңдағы жетістіктері

  Мектеп ауласына 6000 (алты мың) түптен астам түрлі ағаштар отырғызылып, мектеп айналасы жасыл желекке айналды. 2005 жылы Мақтарал ауданының аумақтарды көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына тұрақты көңіл бөліп отырғаны үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталады. 2011 жылы жасыл аймақ іс-шара аясында көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жағдайын жоғары дәрежеде атқарып, ІІ орын иеленгені үшін Мақтарал аудандық білім бөлімінің дипломымен марапатталды.

Мектепті бітірген азаматтар туралы мәлімет

Сүгірбаев Сұлтанбек - мемлекеттік "Сәулет" құрылыс басқармасының бастығы.ОҚО.

Сейдалиев Уалихан - Қазақ Ұлттық Университетінің. Заң факультеті деканының орынбасары, заң ғылымдары кандидаты                                

Өмірдерек Қынабек Үкібаев 

 

 
Қынабек Үкібаев туралы мәлімет.

          1913 жылы 9 мамыр күні шаруаның жанұясында дүниеге келген.

Үкібайұлы Қынабек – бүкіл Республикамызға танымал Мырзашөл өңірін игеруге зор үлес қосқан азаматтардың бірі.

Еңбек жолын қатардағы мақта бригадирі болып бастаған.

Үкібайұлы Қынабек аудандық мекемелерде басшылық қызметтер атқарды.

1938 жылдан бастап Мырзашөл аудандық жер бөлімі бастығының орынбасары болды.

1940-1941 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің орынбасары болды.

1941-1943 жылдары Крестьянин ауыл кеңесінің төрағасы болды.

1943-1946 жылдары ұлы Отан соғысында 3-ші Украина майданында болып Венгрия, Австрия жерлерінде неміс фашистерімен шайқасты.

Соғыстан жеңіспен оралған соң Пушкин атындағы колхоздың басқарма бастығы болып сайланды.

1948-1951 жылдары Мырзашөл аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1951-1961 жылдары аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде істеді.

1962-1975 жылдары шөлдегі (Ақ алтын ауданы) №17 совхоздың директоры болып істеді.

1975 жылы Одақ дәрежесіндегі зейнеткерлікке шықса да, Сардаба қалашығында мақта тазалау заводын құрып, 1975-1979 жылдары оның директоры, 1979-1984 жылдары Сардаба ауыл кеңесінің төрағасы болып еңбек етті.

Осындай істеген қызметтері Одақ көлемінде де елеусіз қалған жоқ.

Қынабек Үкібайұлына 1957 жылы Социалистік Еңбек ері атағы берілді. Отанның Ленин, Қызыл  жұлдыз, Еңбек Қызыл туы, Октябрь төңкерісі, Құрмет белгісі ордендері мен медальдары берілді.

Қынабек Үкібайұлы жұбайы Нәркүл екеуі екі ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірді. Бұл күндері перзенттері де халыққа танымал азаматтар болып жетілді.

Қынабек Үкібайұлы 1997 жылы дүниеден өтті. Ардагер аға, тағылымды азаматтың ел-жұртына, Мырзашөл өңірін гүлдендіруге қосқан үлесі бүгінгі ұрпақтар жадында сақталады.

      Мырзашөл өңірін игеруге сүбелі үлес қосқан ардақты ағамыз Қынабек Үкібайұлының өмірі әрқашанда жас ұрпаққа үлгі бола беретініне біз сенеміз.


 

 

 


 


 

 

 


Похожие публикации:

02 қыркүйек 2016 КЕЛІСІМ ШАРТ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив