жігіт сұлтаны 2017 жылы
Жігіт сұлтаны 2017
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа ,шешендікке,тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар ағайын ,құрбы құрдас!
Бармысыздар жанкүйер әз қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады,
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
2-жүргізуші: Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан,
Қазақтың қасиетті жігіттері
Жанына нұр дарыған жыр дарыған.
Дария ой даналардан бата алғандар
Айнымас алмас қылыш атанғандар
Қазақтың қасиетті жігіттері
Халқына қалқан болған қаһармандар- деп ,Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы,шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершіліккке, батылдыққа ,ептілікке,имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым,он сан үйден сын» -демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.
Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін,ақылдылығын тамашалайық.
Құрметті ұстаздар ,оқушылар бүгін біз Қ.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебінің 7 «А» сынып аралық «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз. Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
1. Сөз тауып күн қылатын көңіл-күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы
Спорт пен білім жағын бір қосқан
Шақырайық ортамызға Әди ұлды.
2. Спорпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талант пенен табысқан
Қараңыздар жігіт Бибол ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан
3. Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнер менен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Серік атты жігіт болған сабазды.
4. Еңбексүйгіш таудай талап бойында
Барлық істі тыңдау бар ойында
Асанұлы Ербол атты жігітті
Шақыралық қошеметпен ортаға.
5. Сөз тауып күн қылатын көңіл-күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы
Спорт пен білім жағын бір қосқан
Шақырайық ортамызға Нуриддин ұлды.
6. Спорпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талант пенен табысқан
Қараңыздар жігіт Берген ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан
7. Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнер менен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Оразалы атты жігіт болған сабазды.
8. Еңбексүйгіш таудай талап бойында
Барлық істі тыңдау бар ойында
Әсембекұлы Мағжан атты жігітті
Шақыралық қошеметпен ортаға.
9. Сөз тауып күн қылатын көңіл-күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы
Спорт пен білім жағын бір қосқан
Шақырайық ортамызға Амангелді ұлды.
10. Спорпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талант пенен табысқан
Қараңыздар жігіт Оразхан ортада
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан.
Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін.
1.1. «Таныстырсам өзімді» -таныстыру
2.2. «Сегіз қырлы бір сырлы»-өз өнерін көрсету.
3.3. «Күш атасын танымас» -қолмен жаттығу.
4.4. «Құралайды көзге атқан » -нысана көздеу.
5.5. «Шебердің қолы ортақ» - қол өнер бұйымдарының шеберлігі.
6.6. «Сұрақ-жауап».
Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.Тәрбие ісінің меңгерушісі: Құдияров С.
2.Мектеп тәлімгері: Мамасариева А.
3.Қосымша педагог: Қарақұлова Н.
І. Ей тәкаппар дүние ,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы- деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді» -деп аталады.Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.2,3,4,5,6,,8,9,10.
ІІ. « Еңбек ердің –санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт»-ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт» -дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт»-еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт»-аттың жүйрігін мініп ,иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт.Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.
Келесі шартымыз: «сегіз қырлы ,бір сырлы » -деп аталады.Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз.2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Әділ-қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.
ІІІ. Ер өнері білінбес
Қоян-қолтық алыспай
Күш өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай- дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш ьатасын танымас» деп аталады.Бұл кезеңде жігіттеріміз қолмен жаттығу жасайды.Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз.2.3.4.5.6,7,8,9,10.
Әділ-қазылар алқасы «Сегіз қырлы ,бір сырлы» шартының бағасын берсеңіздер.
ІҮ. Би болатын жігіттің
Төбеде болар жұмысы
Мерген болар жігіттің
Мергендік болар жұмысы-дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. Ортаға 1-номерлі жігітімізді шақырамыз.2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Әділ-қазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының бағасын берсеңіздер.
Ү. Жігіттің көркі өнері
Талап- кісі мұраты
Өнер қалмақ артында
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген ,бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады.Жігіттеріміздің үйде дайындап келген бұйымдарын көрейік.
Әділ –қазылар алқасы «Құралайды көзге атқан » шартының бағасын берсеңіздер.
ҮІ. Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Жігіттеріміздің өнерлерін , мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез-келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Сұрақ -жауап» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз сұраққа жауап береді. Әділ-қазылар алқасы «Шебердің қолы ортақ» шартының бағасын берсеңіздер.
Ән. Ортаға жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылау үшін тәрбие ісінің меңгерушісі Құдияров Сүндет ағайға береміз.
Сау саламатта болыңыздар!
