Сайыс сабақ
Информатика пәні
Мұғалімі: Садуақасұлы Н.
Күні: 22.02.2016 ж.
Сыныбы: 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: «Дарындылар
додасы».
Сабақтың мақсаты:
Білімділгі: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын,
ынтасын арттыру, ой-өрісін
және танымдық қабілеттерін, даму тарихын еске түсіріп дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін
жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру,
әділдікке, шыдамдылыққа жетелеу.
Тәрбиелік: Әр оқушының
іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау.
Пән аралық байланыс: ағылшын, орыс тілі т.б.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, буклет, карточкалар, конвертке салынған карточкалар, компьютер т.б
Сабақтың барысы:
мұғалім:
Құрметті ұстаздар, қазылар алқасы, оқушылар! Бүгінгі «Дарындылар додасы» атты білгірлер мен тапқырлар сайыс сабағына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
жүргізуші:
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық жұрт алдына шығуларын.
Сайыстың жоспары:
1- кезең. «Полиглот»
2-кезең. «Бәйге»
3- кезең. Ғажайып алаң.
4- кезең. Шешімін тап!!!
5-кезең. Компьютермен жұмыс.
6- кезең. «Кім жүйрік?». Марапаттау
жүргізуші:
Оқушыларды бір
бірден таныстыра отырып ортаға шақырамыз. 6 оқушы қатысады. (Қазылар алқасы
таныстырылады.)
Сонымен, бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей
отырып сайысымызды бастайық.
Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарды аударыңыз үш тілге.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білгенде,
Ұпайларым көбейеді деп тіле.
1 кезең. «Полиглот». Үстел үстіндегі карточкаларға жасырылған сұрақтар жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру қажет. Әр карточкаға 3 сұрақтан бар. Әр тілдегі жауап 10 ұпайға тең.
1.Жыпылықтап тұратын тік сызықша не деп аталады? (меңзер, курсор, kursier)
2.Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған кішкене қорапша құралды не деп атаймыз? (тышқан, мышь, mouse)
3.«Ас –адамның арқауы», ал компьютердің асы не? (тоқ, ток, currend)
4.Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)
5.Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
6.Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)
7.Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledge)
8.Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
9.Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе, Окно, Windows)
10.Деректерді сақтауға арналған құрылғы?
(Жад, Память, Memory)
11.Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі, Рабочий стол, Work table)
12.Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа? (Операциялық жүйе, Операционная система, Operation system)
13.Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз? ( Мәзір жолағы, Строка меню, Menu)
14.Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін дайындаймыз? (Көшіру, Копировать, Сору)
15.Мәзір жолағының қай командасы арқылы беттің көлемін өзгертеміз?
(Түр, Вид, Shift)
16.MS Word терезесінің мәзір жолағындағы сұрақ (?) – белгісі нені білдіреді?
(Анықтама, Справочник, Reference book)
17.MS Word терезесінің мәзір жолағында қанша команда орналасқан?
(Тоғыз, девять, Nine)
18.Жолдар мен бағаналардың қилысуын қалай атаймыз? (ұяшық, Ячейка, Сеll)
жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды,
Компьютер ортаға сұрақтарды тастайды,
Ал-канекей-«Ой қозғауды» бастайық,
Сұрақтарға жауап беріп тастайық.
2 кезең. «Бәйге» Берілген түрлі анықтамалардың жауабын дұрыс тапқан оқушылар 10 ұпайға ие болады.
1.Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақ)
2.Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
3.Принтер түрлері (лазерлік, сия бүріккіш, матрицалық)
4.Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?(жүйелік блок, монитор, пернетақта)
5.Пуск батырмасын басқанда не шығады? (бас мәзір)
6.Ең бірінші бағдарлама құрған оқымысты әйел (Ада Лавлейс)
7.Функционалды пернелер нешеу? (12)
8.Ақпарат өлшем бірліктерін ата. (бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт, Тбайт)
9.Ең бірінші ЭЕМ қай жылы құрастырылды және қалай аталады? (1946 ж. Eniac)
10.Алгоритм сөзі қай ғұламаның есіміне байланысты? (Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми)
11.ЭЕМ –нің бірінші буынының элементтік базасы не? (шам)
12.Терезені басқару батырмалары қайда орналасқан? (тақырып жолында)
13.Компьютер атасы. (Ч. Бэббидж)
14.Сандық пернетақтаны іске қосатын перне (NumLock)
15.Екілік санау жүйесінің негізі (2)
16.Word қандай редактор? (мәтіндік)
17. Болдырмау рәсімін растайтын перне (Esc)
18. Функционалды пернелер нешеу? (12)
жүргізуші:
Ойын –толқын,
жатқандай асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып дей отырып, нәтиже бойынша осы кезеңде ұпайлар саны аз екі ойыншымызбен қоштасамыз. Сөз
әділ қазылар алқасына.
жүргізуші:
Келесі кезеңді бастайық,
Ұяшықтарды ашайық.
Асығыстық қылмаймыз,
Ұпайларды жинаймыз
3-кезең. Ғажайып алаң. Оқушылар тақтада ілінген «Microsoft Office», «ЭЕМ-нің тарихы», «Әр түрлі логикалық сұрақтар», «Әр түрлі сұрақтар», 4 тақырып бойынша конвертке салынған карточкаларға жауап береді. Конверт ұпаймен белгіленген 1-ші қатар 5 ұпай, 2-ші қатар 10 ұпай, 3-ші қатар 15 ұпай, 4-ші қатар 20 ұпай. Оқушы қалаған сұрағын ұпайына қарап таңдап алып, жауап береді.
Microsoft Office
5.Microsoft Word бағдарламасын іске қосу амалдары және бағдарламаның қызметі.
(Пуск – Программы - Microsoft Office - Microsoft Word Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған)
10.Microsoft Word бағдарламасында кестелерді құру амалдарын атап беріңіз.
(Меню қатарынан Вставка – Таблица - Вставить таблицу...)
15.Microsoft Power Point бағдарламасын іске қосу және сурет қою амалдарын атап беріңіз.
(Пуск – Программы - Microsoft Office - Microsoft Power Point
Меню қатарынан Вставка – Картинка немесе Вставка – Рисунок амалдарды таңдау)
20.Microsoft PowerPoint бағдарламасында слайд көрінісін басынан бастап көрсету амалдарын атап беріңіз.
(Меню қатарынан Показ слайдов – С начала амалын таңдау)
ЭЕМ-нің тарихы
5.Интернет қай жылы пайда болды және қандай мақсатта.
(АҚШ Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен 1969-70 жылы Компьютерлік желіARPANETдеп аталып шықты, ARPANET Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Қорғанысты күшейту мақсатында)
10. Бірінші электронды есептеуіш машина қалай аталды? Ол қай жылы қандай университетте жасалды?
(Бірінші электрондық машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп аталды. )
15. 1952-1953 жылдары электронды есептеуіш машинаныңжетілдірілген түрі пайдалануға енгізілді оны қалай атады?
(БЭСМ ( Большая Электронная Счетная Машина)).
20. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші электронды есептеуіш машина қай жылдары жасалды? Оны кімнің басшылығымен жасады?
(1947-1948жж. академик Сергей Алексееаич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) деп аталды.)
Логикалық сұрақтар.
5. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып өлтіреді. Олардың нешеуі қалды?
(Түйеқұс ұшпайды)
10. 1 жұмыртқа 3 минут қайнайды. Ал 4 жұмыртқа неше минут қайнайды?
(3 минут)
15. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
(4 мысық)
20. Астанадан Алматыға қарай бет алған ұшақ екі қаланың арасын 1,5 сағатта ұшып өтті. Ал дәл осы бағытта кері ұшқанда небәрі 90 минут қажет етті. Неге?
(90 мин.=1,5 сағатқа)
Әр түрлі сұрақтар
5.Файл аты қандай бөліктерден тұрады?
(аты және типі)
10.Винчестр деп нені атайды?
( қатқыл диск)
15. Алгоритм дегеніміз не?
(Алгоритм дегеніміз-берілген есептің шығаруы ретелген амалдар тізбегі түріне келтіру.)
20.Операциялық жүйе қандай қызмет атқарады?
(компьютердің барлық ресурстарының жұмысын басқарады)
жүргізуші:
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
4- кезең. Шешімін тап!!! Оқушыларға жасырылған жұмбақтың жауабын кім жылдам шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Әр жауап – 10 ұпай.
1)Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Біркүн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті (пернетақта)
2)Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
3)Бұта қорнында мың бір инесі,
Компьютер жаны оның мекені. (кактус)
4)Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді. (Принтер)
5)Компьютеріңіз ауырса,
Қызметі дайын үнемі.
Кірген зиян-залалды,
Күмәнсіз ол кетірер. (антивирус)
6)Экранның бетінде тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
7)Ұзын тұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды
(бос орын)
8)Әуез сазды беретін,
Ол да керек құрылғы.
Дыбыс шықса тосыннан,
Бәрің соған бұрылдың. (колонка)
жүргізуші:
Ал енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік. Нәтиже бойынша осы кезеңде тағы екі ойыншымызбен қоштасамыз. Сәттілік тілейміз.
жүргізуші:
Біліміңнің ұшқырлығын танып сен,
Асып таспа, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.
5-кезең. Компьютермен жұмыс. Бұл кезеңде әр оқушы компьютерде отырып Microsoft Word бағдарламасын іске қосып тапсырмаларды орындайды.
Бірінші тапсырма өзінің аты-жөнінді, сыныбын ағылшын тілінде жазады. Мысалы: (pupil 8 form Abdullaev Ergali).
Екінші тапсырма қолдарына берілген 2 кестені түсіру қажет.
1-кесте.
|
№ |
Мектебі |
Аты-жөні |
Сыныбы |
Туылған жылы, айы, күні |
|
1. |
Қ. Үкібаев |
Абдуллаев Ерғали |
8 «А» |
11.08.2000 ж. |
2-кесте
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|||
Әр оқушыға 5
минут уақыт беріледі, қайсы оқушы бірінші тапсырмаларды орындап болса уақыт
тоқтатылады. Тапсырманы бірінші дұрыс орындаған оқушыға әр тапсырмаға 10 ұпайдан
беріледі. Ал екінші дұрыс орындаған оқушыға 5 ұпай беріледі.
жүргізуші:
Ал канекей «Кім жүйрік?» кезеңын бастайық,
Тізгініңді босатып сәл тастайық,
Зулап сұрақ келіп қалса егер,
Берейік жауап қасқайып.
6 кезең. «Кім жүйрік?» Бұл кезеңде әр оқушы тақтадағы сөз жұмақтарды толтыу қажет. Ол үшін мына қолдарына берілген сұрақтардың жауабын табуы қажет (әр дұрыс жауап 1 ұпай). Әр оқушыға 2 минут беріледі.
1 –оқушыға
1.Баспаға шығару құрылғысы. (принтер)
2.Ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы (пернетақта)
3.Информация сөзі қай тілден шыққан? (латын)
4.Дүние жүзілік компьютер арасындағы байланыс. (Интернет)
5.Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
6.Адамның денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)
7.Меңзердің оң жағындағы символды өшіретін перне. (Delete)
8.Бас әріпті шығару үшін сол әріппен бірге қандай пернені басу керек? (Shift)
2 –оқушыға
1.WinZip, WinRar қандай бағдарлама? (архиватор)
2.Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирустық бағдарлама)
3.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
4.Ақпарат өңделетін құрылғы (процессор)
5.Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
6.Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)
7.Интернетке қосылу үшін не керек? (модем)
8.Компьютер жанындағы өсімдік. (кактус)
Қорытындылау:әділқазылар алқасы ұпайларды есептеп, қайсы оқушы ұтқанын жариялайды және жақсы
жақтарын, кем-кетігін айтып марапаттайды.
