Парасатты азамат » Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 678-66-94
Есепші бөлімі:
+7(778) 388-25-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Парасатты азамат
05
қаңтар
2017

Парасатты азамат

 Ауылымыздың парасатты  азаматтары

Парасатты азамат

Сүгірбаев Сұлтан Шойынбайұлы 

 Сүгірбаев Сұлтан Шойынбайұлы 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Кеңесшіл ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Жангелдин орта мектебін бітіріген. Еңбек жолын жүргізуші, Шымкент қалалық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып бастаған. 1970-2009 жылдар аралығында халықаралық тасмалдау агентігі бастығының орынбасары, Шардара аудандық атқару комитетінің ұймдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКСМ Шымкент облыстық қаржышаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қалалық депутаттары Еңбекші аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1988 жылы облыстық экономикалық бөлімнің нұсқаушысы, Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Түркістан қаласының әкімі болды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, «Наурыз» ауылы әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, ОҚО облыстық табиғатты қорғау басқармасының бастығы.

2009 жылдың 4 қыркүйекгінен бастап ОҚО мемлекеттік сәулет-құрлыс бақылауыбасқармасының бастығы.

Сұлтанбек Шойынбайұлы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығына, «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жыл», «ҚР-ның Құрмет грамотасы» сияқты марапаттармен, 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы сәулет және қала құрылысы саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы сәулетшілер одағының «Алтын дипломымен» және 2010 жылғы Шымкент қаласының жасарып, гүлдене беруіне қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

   

Парасатты азамат

Мамасариев Темірхан Әбдірайымұлы

  Мамасариев Темірхан Әбдірайымұлы, 1948 жылы 22 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жамбыл атындағы колхозда дүниеге келді.

      1966 жылы Жангелдин атындағы орта мектепті бітіріп,  сол жылы Сырдария мемлекеттік педагогикалық институтының филология  факультетінің  "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша сырттай оқитын бөліміне оқуға түсіп, аталған институтты 1971 жылы бітіріп шықты.

Еңбек  жолымды 1967 жылы бірінші қыркүйектен  «Мақталы»  бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға  мұғалім болып бастадым.

1968 жылы Ә. Жангелдин атындағы орта мектепке тәрбиеші  болып ауысты.

     1974 – 1985 жылдар аралығында осы мектепте директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары болып қызмет істедім.

1985-1986 жылдары Мақтаарал аудандық сырттан оқытатын орта мектептің директорлық қызметін атқарды.

1988 жылдан  бері Қ. Үкібаев атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің  директоры болып  қызмет  атқарды.

    Мені 1992 жылы Қазақ ССР халыққа білім беру  министрлігі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогымен  марапаттады.

     2011 жылдың маусым айының 22 жұлдызында 63 жасқа толып, құрметті еңбек демалысына шықты.                                                     

1988 - 2011 жыл аралығында  Қ. Үкібаев атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің  директорлық қызметін атқардым.

 Аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің құрмет грамоталарымен  марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы

Жарлығы бойынша "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл"

мерекелік  медалімен  наградталды.

2014 жылы аудан әкімінің шешімімен «Ауданның дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Мамасариев Темірхан Әбдірайымұлы үш ұл, бес қыз тәрбиелеп өсірді.

Бұл күндері ұл – қыздарының барлығы да жоғары білім алып, Отанымыздың түкпір – түкпірінде сан – алуан салада еңбек етуде

 

 

Парасатты азамат

 Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы,

 қазақ, заң ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

 

Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы, 1979 жылы туылған, білімі жоғары – заңгер, құқық магистрі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор м.а..

У.А. Ахатов 1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың заң факультетіне түсіп, 2000 жылы аталған университеттің «Құқықтану» мамандығын үздік дипломмен бітірді. 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің «Мемлекеттік құқық және басқару» мамандануы бойынша магистратураға түсіп, 2002 жылы үздік дипломмен бітіріп, құқық магистрі атағына ие болады.

У.А. Ахатовтың 80 ғылыми еңбегі жарық көрген, ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибиелік конференцияларға белсенді қатысады, студенттермен бірге жұмыс жасаудың шебері, 2002 жылдан бері топ эдвайзері.

2006 жылы Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі республикалық оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен, көлемі 7,4 б.т. «Дәстүрлі қазақ құқығы және құл иелену» атты оқу құралы жарық көрді. Аталған еңбек заңгерлерді даярлауда, атап айтқанда Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнін зерттеу барысында құнды болып табылады.

Оның жетекшілігімен жыл сайын көптеген студенттер мен құқық магистрлері даярлануда.

2002 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы, 2004 жылдан аға оқытушы, 2005 жылдан доцент қызметі, ал 2010 жылдан бастап профессор м.а. атқарып келеді.

У.А. Ахатов 2008-2010 жж. ҚР БжҒМ «Жас дарынды ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының» иегері, ал 2009 жылы ҚР БжҒМ «ЖОО үздік оқытушысы – 2009» мемлекеттік грантының иегері.

Қазіргі таңда «Түркістан АССР-і: мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі» атты тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізуде.

У.А. Ахатов 2004-2008 жылдар аралығында заң факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінгі таңға дейін заң факультеті деканының оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді.

Жалпы жұмыс стажы – 19 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық – 16 жыл.

У.А. Ахатов факультеттің, университеттің қоғамдық жұмысының белсенді қатысушысы, әріптестері мен студенттер арасында жоғары беделге ие. У.А. Ахатов жауапты, ықшам және абыройлы маман. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 75 жыл», «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 80 жыл» төс белгілерімен және ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін» және Қазақстан полициясына 20 жыл медалдарымен марапатталды.

 

Парасатты азамат

Сейітов  Өркен  Құрбанбайұлы

 Сейітов  Өркен  Құрбанбайұлы 1974 жылы 9 тамызда Оңтүстік Қазастан облысы, Мақтарал ауданы,  Жамбыл атындағы колхозда дүниеге келген.

1991 жылы Жангелдин атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы КАЗГУ – дің ЮРИСТ мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1995 жылы бітіріп шықты.

1995 жылы Ақмола облысында прокуратурада қызметін бастаған.

 1998  жылы Көкшетау қаласындағы аға қорғаушы қызметін атқарған.

1999 – 2001 жылдары Егінді көл ауданының прокуратурада аға көмекші болып, қызмет атқарған.

2001 жылдан бастап, Бас прокуратурада аға прокурор ,полковник  қызметін атқаруда. 

Отбасылы 2 ұл, 2  қыз тәрбиелеуде.  Жолдасы Гүлжан –Әділет департаментінде қызметте.

 

 

Похожие публикации:

14 қазан 2016 Оқу орындары
11 мамыр 2016 1 сынып
10 мамыр 2016 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив