«Толағай» отбасылық сайыс » Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 678-66-94
Есепші бөлімі:
+7(778) 388-25-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
желтоқсан
2016

«Толағай» отбасылық сайыс

"Қ. Үкібаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
дәстүрлі түрде өткізілетін  «Толағай» отбасылық сайыс.

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс.

Мақсаты:Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын.

Өтілетін орны: Мектеп спорт кешені.

Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық т. б.

Жүргізуші:

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

 

Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді жарысқа  оқушылар мен ата-аналарымыз қатысады.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

 (әр отбасы орындарына келіп тұрады)

Жүргізуші:

Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.

«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

 

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1. Оқу ісінің меңгерушісі.

2. Тәрбие ісінің меңгерушісі:

3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі:

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

 

Сайыстың бағдарламасы:

1. Кедергілер арасымен жүгіру

2. Кедергілер арасымен доп алып жүру

3. Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу

4. Допты жоғарыдан беру

5. Допты төменнен беру

6. Егін егу, егін жинау

7. Нысананы көздеу

8. Кенгуру

9. Кедергіден өту

10. Қанбақ

 

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

«Атамекен» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!

«Жасұлан»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты

Бәрін жеңіп шықты

«Барыс»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.

«Бәйтерек» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз.

І тур: Кедергілер арасымен жүгіру.

ІІ тур: Кедергілер арасымен доп алып жүру.

ІІІ тур: Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу.

ІV тур: Допты жоғарыдан беру.

V тур: Допты төменнен беру.

VІ тур: Егін егу, егін жинау.

VІІ тур: Нысананы көздеу.

VIII тур: Кенгуру.

ІХ тур: Кедергіден өту.

Х тур: Қаңбақ.

Әкелер обручты айналдырып отырады, ал балалары допты обручқа лақтырып отыру керек, ал келесі ретте аналары осылайша жасайды.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден -

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол -

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

І орын _________отбасы

ІІ орын _________ отбасы

ІІІ орын ___________ отбасы

Алғыс хат __________ отбасы

Жүргізуші:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

«Толағай» отбасылық сайыс

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив