Ашық сабақ М.Мақатаев » Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 678-66-94
Есепші бөлімі:
+7(778) 388-25-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ақпан
2017

Ашық сабақ М.Мақатаев

 

 

Қ.Үкібаев атындағы ЖОМ 

Кітапхана меңгерушісі: Наленова Анар 

8 "Ә" сынып          

  Мұқағали-мәңгілік ғұмыр.

Тақырыбы: Мұқағали-мәңгілік ғұмыр.
Мақсаты: ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен
шығармашылығын таныту, ақындық талантын
шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген
қызығушылығын арттыру, өлеңдерін
мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің
тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың
өлеңге деген ынтасын, көркемсөз оқу шеберлігін
арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке,
өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақынның суреттері, кітаптары, шығармалар
жинағы, плакатқа жазылған өлең
жолдарынан үзінді.
                                     

                                        Жоспары:
1  Кіріспе бөлім
2  Мұқағали мәңгілік ғұмыр ( Реферат дайындау)
3  Ақынның өлеңдерінің мәнерлеп оқу.
4  «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндерін орындау)
5 «Жазылар естеліктер мен туралы» (Ақын жайлы слайд көрсету)

1-жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізіліп отырған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ән: Қазақстан

Орындайтын:Бегімқұлова Н

2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев 86 жасқа толып отыр. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты.
 Қойшыбай Меруерт  «Қайран Қарасазым-ай!»
Қайран қара сазым –ай!
Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап мәз болған
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.

Шыбын-шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.

Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елеңдетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.

Көкқұтаңдар көлбеңдеп,
Көтеріле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.

Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана торпақ шапқылап,
Оқыралап, ойнаған.

...Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап мәз болған,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!...


1-жүргізуші:Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.

2-жүргізуші: Бәрі есімде мекен-жай тұрағым да,
Тек есте жоқ күлдім бе, жыладым ба?!
Балалық шақ жармасып жүретұғын,
Өгіз шеккен соқаның құлағында,-деп жырлаған балаң жырдың иесі Мұқағали ағамыз...
(Оқушылар кезек-кезек жылдар бойынша өмірбаянын қысқаша айтып шығады).
Қадырқұл А «Әке»
Акаш Акерке:  Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.

Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды.
  Айдарова Ж:  Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.

Ақерке: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.

Ашық сабақ М.Мақатаев

1-жүргізуші: Ақын жырларын оқи отырып, әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.
Жеткіз жұртқа бүгіні, өткендерін,
Қысын, күзін жазы мен көктемдерін.
Жадында тұтсын ұрпақ жасырмай айт,
Ақтабан шұбырынды өткелдерін,-деп ұрпаққа ұғындырып кетуге тырысады. Соған мысал ретінде «Райымбек» поэмасын алуға болады. «Райымбек, Райымбек!» дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.

 

 М.Мақатаев туралы слайд көрсетіледі.

2-жүргізуші: Мұқағали-ғажайып, сыршыл, ақиық, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
Ән:  Жапырақ жүрек жас қайың.

1-жүргізуші: Туған жерге, елгең халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын.
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын,- дейді ақын өлеңінде.
Жәнібек Оразбай«Үш бақытым»
М.Мақатаевтың Фаризаға арнаған өлеңі.

Оқитын Абил Арсен
Фариза
Фариза,
Фаризажан, Фаризақыз
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз,
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден-біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге
Фаризажан сен соны білесің бе?

Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арсында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып аяқ басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.

Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттіполардың қия белін
Енді міні қауқарсыз құр ашуды
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сыйпаған бір жан болса,
Енді қалған өмірді қияр едім.

Білмеймін бұзықпын ба жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында
Өлтірсе де көнбеймін жырды құмға!
Нөл болды деп айтам жалтармаймын,
Көбейтсеңде қаншама мыңды мыңға ...

Айналаға қарайтын анық барлап,
(Түн кеткесін күн шығып, жарық болмақ.)
Бағыштайық бәрінде халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фаризақыз
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз..


1-жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы-оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағына жарияланды.
Көрініс. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді.

1-жүргізуші: Ол арамызда жоқ. Ажал, ажал! Көкірегі толы мейірімді шуақ, жүрегі толы махаббат пен ырыс, арманы мен қиялына кезек мініп, өмірдің келесі кезеңіне қарай тартып бара жатқан ақынды тым ерте жолынан қайырған да сен едің! Ол қылшылдаған 45 жасында дүниеден өтті.


2-жүргізуші: Соны сезгендей ол жанұшыра:
Өмір сүрсем енді бір жиырма жыл,
Жиырма жыл,
Шынымен қиын ба бұл?
Қиын болса он жылда жетеп жатыр,
Тек жүректен ашылсын құйын дауыл.
Қайратқызы Назерке. «Жазылар естеліктер мен туралы»

   Ән:   Құрбанбай Болдығыз  «Отыздан асып барамын»

          Абил Арсен Пай пай Өмір!
Пай, пай, өмір!
Пай, пай, өмір!
өтесің – ау бір күні,
тиясың ау қуанышты күлкіні.
өмір деген – бір жарқ еткен найзағай,
өмір деген көк аспанның күркірі.
Пай, пай өмір,
Өтесің-ау бір күні!

Болмағандай жүрмегендей сен д,е біз,
Кетеміз-ау, әй кетеміз... пендеміз
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз, кету үшін келгенбіз.

Өмір деген – бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезінде
Сусыныңды қандырасың бір болғаны.

Мына күнде, мына аспан да дала анау
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
өмір дейтін - өлемін деп қарамау.




Суханберді Ақжүніс « Ғашықпын»
«Ғашықпын!»
Ғашықпын,
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам болмайын, сол аман ба?!
О. Тәңірім неткен жан ед қайырылмайтын,
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

Ғашықпын,
Қайтып оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің кеткенім бе?
Шарқ ұрып бар ғаламдышыр айналып,
Мәнгілік сені іздеумен өткенім бе?

Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бұл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.

«Махаббат диалогы»
- Құс боп ұшып жоғалсам н, не етер едің?
-сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
-Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін.


2-жүргізуші: Би   Қамажай.

1-жүргізуші: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» -деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.


Ән «Саржайлау
1-жүргізуші: Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзіде білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын, - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осымен ақиық ақынымызға арналған тәрбие сағаты аяқталды. Назар салып тыңдаған ұстаздар мен оқушыларға, осы тәрбие сағатымызды өткізуге атсалысқан оқушыларға мыңда бір алғыс айтамыз.
������� ������ ��� dle ������� ��������� ������

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив