Қынабек Үкібаев жайлы ақпарат » Қ.Үкібаев атындағы №37 ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 678-66-94
Есепші бөлімі:
+7(778) 388-25-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қынабек Үкібаев жайлы ақпарат
05
қараша
2016

Қынабек Үкібаев жайлы ақпарат

Өмірдерек Қынабек Үкібаев 

Қынабек Үкібаев жайлы ақпарат 

Қынабек Үкібаев туралы мәлімет.

          1913 жылы 9 мамыр күні шаруаның жанұясында дүниеге келген.

Үкібайұлы Қынабек – бүкіл Республикамызға танымал Мырзашөл өңірін игеруге зор үлес қосқан азаматтардың бірі.

Еңбек жолын қатардағы мақта бригадирі болып бастаған.

Үкібайұлы Қынабек аудандық мекемелерде басшылық қызметтер атқарды.

1938 жылдан бастап Мырзашөл аудандық жер бөлімі бастығының орынбасары болды.

1940-1941 жылдары аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің орынбасары болды.

1941-1943 жылдары Крестьянин ауыл кеңесінің төрағасы болды.

1943-1946 жылдары ұлы Отан соғысында 3-ші Украина майданында болып Венгрия, Австрия жерлерінде неміс фашистерімен шайқасты.

Соғыстан жеңіспен оралған соң Пушкин атындағы колхоздың басқарма бастығы болып сайланды.

1948-1951 жылдары Мырзашөл аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1951-1961 жылдары аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде істеді.

1962-1975 жылдары шөлдегі (Ақ алтын ауданы) №17 совхоздың директоры болып істеді.

1975 жылы Одақ дәрежесіндегі зейнеткерлікке шықса да, Сардаба қалашығында мақта тазалау заводын құрып, 1975-1979 жылдары оның директоры, 1979-1984 жылдары Сардаба ауыл кеңесінің төрағасы болып еңбек етті.

Осындай істеген қызметтері Одақ көлемінде де елеусіз қалған жоқ.

Қынабек Үкібайұлына 1957 жылы Социалистік Еңбек ері атағы берілді. Отанның Ленин, Қызыл  жұлдыз, Еңбек Қызыл туы, Октябрь төңкерісі, Құрмет белгісі ордендері мен медальдары берілді.

Қынабек Үкібайұлы жұбайы Нәркүл екеуі екі ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірді. Бұл күндері перзенттері де халыққа танымал азаматтар болып жетілді.

Қынабек Үкібайұлы 1997 жылы дүниеден өтті. Ардагер аға, тағылымды азаматтың ел-жұртына, Мырзашөл өңірін гүлдендіруге қосқан үлесі бүгінгі ұрпақтар жадында сақталады.

      Мырзашөл өңірін игеруге сүбелі үлес қосқан ардақты ағамыз Қынабек Үкібайұлының өмірі әрқашанда жас ұрпаққа үлгі бола беретініне біз сенеміз.

         

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив